Алматыда автобустағы қалта ұрылары ұсталды

Алматыда полицейлер қалалық автобустардағы қалта ұрыларын ұстады. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-парақшасында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқықбұзушылар №7 және №57 бағытын таңдаған. Олар әйелдер мен мектеп оқушыларының қалталарына түскен, ер адамдарды тонамаған.

Ұрылар ұсталған. Әйел қарбалас уақытында қалтасынан телефонын ұрлап жатқанын байқаған. Күдіктілер қарсылық көрсетуге және оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Алайда екеуі де ұсталып, ұялы телефон заттай дәлел ретінде тәркіленген. Сондай-ақ, автобуста орнатылған бейнебақылау камерасынан алынған мәліметтер бұлтартпас дәлел ретінде саналады.

Қазір ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың біреуі — 30 жаста, екіншісі — 31 жаста. Күдіктілер қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Ұсталғандардың екеуі де осындай қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған. Полиция осы адамдардың әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан 8 775 117 00 06 және 8 747 133 84 44 телефондарына қоңырау шалуын сұрады.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...