Алматы облысында базар өртенді

Алматы облысында базар өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 7 сәуірде түнгі сағат 2:00-де Талғар қаласы Әйтеке би көшесінің бойындағы базар аумағындағы сауда орындарында (контейнер түрі) өрт шыққанын хабарлады. Шақыру орнына жоғары дәрежелі өрт сөндіру бөлімдері жіберілген.

Сағат 03:51-де өрт оқшауланып, 05:00-де толығымен жойылған. Өрт аумағы 900 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрт базардың барлық аумағына (базардың жалпы ауданы 8 мың шаршы метрден астам) таралмады.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері 27 бірлік техникамен жұмылдырылды.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...