Алматы маңындағы тасжолда жолаушылар автобусы 9 көлікке соқтығысты

Фото: instagram.com/kris.p.almaty.official

Алматы-Жандосова тасжолында тежегіші істен шыққан жолаушылар автобусы тоғыз көлікпен соқтығысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Жоғарғы Қаскелең тасжолында жол апаты болған. Олар автобус бірнеше көлікке соғылғанын айтты. 

Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі мәліметінше, 6 сәуірде сағат 11:30-да Қарасай ауданында жол-көлік оқиғасы болған.

«Алматы-Жандосова тасжолында ЛиАЗ автобусының 35 жастағы жүргізушісі тежегіш істен шығып, жолда келе жатқан тоғыз көлікпен соқтығысқан (Toyota Camry, Nissan Patrol, Toyota Gracia, Kia Rio, Subaru Legacy, Toyota Carina, трактор және екі Mercedes-Benz)», — деді полиция өкілі.

Полиция мәліметінше, апаттан бірнеше адам, соның ішінде жолаушылар мен жүргізуші зардап шеккен. Олар медициналық тексеруден өту үшін Қаскелең ауруханасына жеткізілген. Оқиға орнында патрульдік полиция мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...