12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2025 жылдың 25 маусымында Алматы қаласында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес барысында мемлекеттік басқару саласындағы  өзекті мәселелері талқыланып, мелекеттік қызмет сапасын арттыру және заңнаманын сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар ұсынылды. 

Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс нәтижелері мен олардың басшылық құрамының жауапкершілігі кең ауқымды талқылаудан өтті. Кеңес шешімдер қабылдау сапасын арттыру, тиімді басқару жүйесін енгізу және әкімшілік үдерістерді оңтайландыру бойынша ұсынымдар әзірледі.

Кеңесте мемлекеттік қызметшілердің сәйкестендіру карталарын пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижесінде кейбір мемлекеттік органдарда қызметшілерге сәйкестендіру карталарының берілмегені анықталды. Бұл мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін растау және жұмыс процестерін жүйелеу мәселелерінде бұзушылықтарға әкелген.

Сонымен қатар, «е-қызмет» ақпараттық жүйесінде кейбір мемлекеттік қызметшілер туралы деректердің толық толтырылмауы да назардан тыс қалған жоқ. Кеңес мүшелері бұл мәселе мемлекеттік қызметкерлер туралы мәліметтердің ашықтығы мен тәртіпті қамтамасыз етудегі кедергі екенін атап өтті. 

2024 жыл мен 2025 жылдың бірінші тоқсаны аралығындағы мемлекеттік қызмет заңнамасының сақталуына жүргізілген тексерулер қорытындыланды. Кеңес мүшелері анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап, нақты ұсыныстар енгізді.

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдады. Мемлекеттік қызметшілерге сәйкестендіру карталарын уақытылы беру және «е-қызмет» жүйесіндегі деректерді толық толтыру бойынша берілген ұсынымдар мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Бұл отырыс мемлекеттік қызметтің халыққа бағытталған қызмет үлгісін нығайтудағы кезекті маңызды қадам болды. Кеңес жұмысы қоғам игілігі үшін жүйелі және нәтижелі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Диляра Сакеновна Жубаназарова

Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің 

Алматы қаласы бойынша 

департаментінің мемлекеттік 

қызмет саласындағы бақылау

басқармасының бас маманы

МЕМЛЕКЕТ АЙБЫНЫ

ҚР Конституциясы – еліміздің негізгі заңы, жоғарғы заңдық күші...

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» атты дөңгелек үстел өтті

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және...

В Серебрянске прошёл круглый стол «Экорешения на будущее: энергия, тепло и природа»

В городе Серебрянске состоялся круглый стол на тему «Экорешения...

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және...

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...