spot_img
spot_img

«Қаңтарда жарақат алған». Алматы Спорт басқармасының басшысы қызметінен кетті

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов денсаулық жағдайына байланысты қызметінен кетуге мәжбүр екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байсейітов 6 қаңтарда Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежінде жүргенде оқ жарақатын алған. Содан кейін шенеунікке операция жасалды.

Осыдан бері төрт айдан аса уақыт өтсе де, Рүстем Байсейітов жарақаты әлі күнге дейін мазалайтынын және жұмысына әсер етіп жатқанын айтып, сол үшін қызметтен кету туралы шешім жасаған. 

«Білектің қозғалыс белсенділігін қалпына келтіру және оңалту курстарынан толық өту қажет болғандықтан, мен Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы қызметінен кетіп, өз денсаулығыммен айналысамын деп ұйғардым (…) Спорт — біздің өмір. Спорт менің өмірімде ерекше орын алады, қысқа оңалтудан кейін сіздермен тағы жолығамын деп үміттенемін, бірақ перспектива басқа болады. Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын», — деп жазды Байсейітов Instagram-дағы парақшасында әріптестеріне, достарына және спорт әуесқойларына.

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап...

Минтруда совершенствует подходы организации субсидируемых рабочих мест

Министерство труда и социальной защиты населения РК разработало приказ...

Қазақстан Өзбекстанға қарағанда көбірек дайын өнім шығарады – экономист пікірі

Экономист айырмашылықтар көбіне ресурстық базаға байланысты екенін атап өтті....