Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған қызметкерлердің отбасына пәтер қашан беріледі? Ералы Тоғжанов жауап берді

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, мәселе 26 сәуірге дейін шешіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоғжанов тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында екенін айтты.

«Қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде күш құрылымдарының 19 қызметкерінен, оның ішінде шекара академиясының үш курсантынан айырылғанымыз баршаға аян. Бүгінде нақты шешім бар, 13 мәселе шешілді, баспанамен қамтамасыз етілді. Қалған алтауына, оның ішінде курсанттарға қатысты өңір әкімдерімен жеке сөйлестім. Мәселе 26 сәуірге дейін шешіледі», — деді премьер-министрдің орынбасары Мәжіліс отырысында.

Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлер мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің отбасына өтемақы төленетінін айтқан болатын.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...