Ақтөбеде жүздеген медицина студенті мемлекеттік емтиханнан «құлады»: Министрлік мұның себебін анықтады

Болашақ дәрігерлер мемлекеттік емтиханнан төмен балл алған. Оның себебі техникалық ақауға байланысты болып шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жүздеген ақтөбелік қорытынды аттестациядан өте алмай қала жаздады. Түлектердің барлығы дерлік шекті баллдан сәл жоғары балл жинады. Белгілі болғандай, дәл осындай жағдай ел бойынша медицина студенттері арасында да орын алған.

Астана арнасының мәліметінше, министрлік емтихан орталығымен бірлесіп тексеріс жүргізді. Төмен ұпайлар тест кодтарының сәйкес келмеуіне байланысты болып шықты.

«Жүйе тарапынан қате есептелген ұпайлар студенттің пайдасына қаралады. Студенттердің білімін төмен бағалаудың себептерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда республикалық апелляциялық комиссияға емтихан нәтижелерін жою туралы өтініш жіберіледі және барлық техникалық ақаулар жойылғаннан кейін оларға бастапқы емтихандарды қайта тапсыруға рұқсат етіледі», – деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Еске салсақ, кеше Ақтөбе медицина университетінің студенттері тест нәтижесіне наразы болып жатқанын айтқан едік. Интернатурада оқитын студенттерге тест нәтижелерін жойып, емтиханды қайта тапсыру ұсынылған.

Әдеп басы — тіл

Біз қазақ деген ұлы халықпыз. Тілімізде, дінімізде тек қана...

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баласының қайыр сұрағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Отандық соттағы ЖИ: ізденістер мен ілкімді істер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрлық даму және...