12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қоғамның сот билігіне сенімін нығайту-әрбір судьяның міндеті

Құқықтық мемлекет белгісінің бірі-сот билігінің заң шығарушы мен
атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.
Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің
конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру,
билік тармақтарының тежемелік, әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана
отырып, өзара іс қимыл жасауы болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда
көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге
тартылған алқа билер арқылы соттарға ғана тиесілі.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек соттар ғана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкілеттігін басқа органға беруді көздейтін заң актілерін
шығаруға тиым салады.
Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады және
азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де
нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының
орындалуының қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Бүгінде елде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалар оң нәтижесін
беруде. Республика азаматтарының әділ сот төрелігіне деген сенімі уақыт
өткен сайын артып келеді. Сот билігінің бұрынғы бес сатыдан қазіргі үш
сатыға ауысуы да қарапайым жұрт үшін сот төрелігінің қолжетімділігін
қамтамасыз ету мақсатындағы оң өзгерістер деп айтуға болады. Өзінің
құқығы бұзылды деп ойлаған кез келген азамат алдымен сотқа жүгінетіні
заңдылық. Бұл-бүгінгі жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың оң
нятижесі. Ал қоғам дамыған сайын судьяның кәсіби біліктілігіне деген талап
күшейе түспек. Сонымен қатар, бүгінгі күні судья мәртебесі Елбасының
2000 жылғы 25 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасының сот
жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңымен
белгіленгені жұртшылыққа аян. Одан бергі жылдары аталған заң үнемі
жетілдіріліп, судьяның доғарысқа немесе зейнет жасына толуына
байланысты оларды әлеуметтік қорғау мемлекет тарапынан үнемі қолдау
тауып келеді. Ата Заңымызда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасында
сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Судьялар сот төрелігін жүзеге
асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Міне,
осының барлығы сот жүйесі мен бүгінгінің билеріне деген үлкен құрмет
және жанашырлық деп түсінген абзал.
А.М.Конжанова, Абай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...