12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Соттағы жағымды қарым-қатынас орнату рәсімдері

Сот өндірісінде қаралып жатқан азаматтық істер бойында дауды тиімді
шешу үшін татуласу рәсімдері жүргізіледі. Бұл рәсім – дау тараптары
арасында жағымды қарым-қатынас орнатуды қамтитын дауларды шешу
процесі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік-кодексінің 17-тарауында
тараптар бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім
тәсілдерімен дауды шешуге құқылы екендігі көрсетілген. Осы үш рәсімнің
жалпы талаптары өзара ұқсас болып келгенімен шын мәнінде олар бір-
бірімен түбегейлі ерекшеленеді.
Бітімгершілік (татуласу) келісімінде – судья тараптарға дауларды
шешуге көмектесе отырып, делдал ретінде әрекет жасайды. Бұл жерде
тараптарға татуластыру рәсімі кезінде судьядан кеңес алуға және барлық
тараптар үшін оңтайлы реттеуге қол жеткізу үшін судьяның тәжірибесі мен
білімін пайдалануға мүмкіндік береді.
Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар
немесе олардың өкілдері оларда сенімхатта арнайы көзделген татуласу
келісімін жасауға өкілеттіктері болған кезде қол қояды.
Тараптар сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін дауды
(жанжалды) судьяның немесе медиатордың жәрдемдесуімен медиация
тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы. Судья
медиацияны «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
және осы Кодексте белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып өткізеді.
Бұл жерде алдымен медиатордың келісімін сот бекітетінін, егер тараптар
өзара келісу арқылы төрағалық етушіге істі «судья-медиатор» ретінде
қарауды өтінішхат келтірсе істі медиацияны өткізген судья қарауы мүмкін.
Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуінде жатқан іс
бойынша судьяның жәрдемдесуімен дауды (жанжалды) медиация
тәртібімен реттеу туралы өтінішхат келіп түскен кезде сот іс бойынша іс
жүргізуді АПК-нің 273-бабының 7-тармақшасына сәйкес он жұмыс күнінен
аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Ал, бірінші немесе апелляциялық
сатыдағы соттың іс жүргізуінде жатқан іс бойынша медиатордың
жәрдемдесуімен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы
өтінішхат келіп түскен және тараптардың медиатормен жасасқан шарты
ұсынылған кезде сот іс бойынша іс жүргізуді бір айдан аспайтын мерзімге
тоқтата тұруға міндетті.
Партисипативтік рәсім судьяның қатысуынсыз «Адвокаттық қызмет
және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес екі
тарап адвокаттарының не заң консультанттары палатасының мүшелері болып
табылатын адамдардың жәрдемдесуімен дауды реттеу бойынша тараптар
арасында келіссөздер жүргізу арқылы өткізіледі. Бұл рәсім бойынша сот
тараптардың келісім тексереді, келісімді бекітеді.
Осы рәсімдердің кез-келгені тараптар үшін өте тиімді. Себебі аталған
рәсімдердің барлығына ортақ жағдайлар бар. Бірінші, апелляциялық,
кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін шығып кеткенге
дейін тараптар өтінішхат беруге құқылы, барлық келісімдер бойынша
ұйғарым қабылданып, іс өндірістен тоқтайды. Еркіті түрде жасалады. Сот
шешіміне қарағанда заңды күшіне енуі ерте (10 жұмыс күні). Сондай-ақ
келісімде көрсетілген талаптарды ерікті түрде орындамау, соттың атқару
парағы негізінде мәжбүрлеп орындалуға жатады.
Демек бұл рәсімдерде жеңілген тарап болмайды.

Ақсүйрік Сансызбаева
Қызылорда қалалық сотының судьясы

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...