Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесі аумағында ҚР ҚМ «№ 02 кәсіптік-техникалық мектебі» жазасын өтеуші жасөспірмдер арасынды «Мамандығым мақтанышым!» атты шеберлік сабақ өтті. Аталған шеберлік сабаққа Алматы қаласы ҚАЖ Департаментінің бас маманы, әділет майоры Оспанов Галинур Рысбекович, №11 мекемебастығының орынбасары әділет майоры Машимбаев Даурен Нурланович, САӘПТЖБ бастығы Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна,теолог маман әділет аға лейтенанты Жарылкасова Шолпан Айболатовна қатысты.
Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық мектеп ғимаратында жазасын өтеуші жасөспірімдер «құрылыс ағаш ұстасы», «механикалық-құрастыру жұмыстарының слесары», «металл бойынша токарь»топтарында оқиды. Осы топта оқитын жазасын өтеушілер тапшан құрастырып соны қалай жасағандары туралы толық практика сабақатарын көрсетіп жасаған жұмыстарын әділқазыларға көрсетті.
.№11 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер мұнда кәсіптік білім алып шығады. Олар «Құрлыс ағаш ұстасы», «Металл жоңғыш», «Механикалық жинау жұмыстарының слесары» топтарында 6 ай сайын әр бала 3-мамандыққа ие болады. Бітірген курыстарында жасаған жұмыстарын көрсетті.
Мектеп диреторы Касымов Жасұлан Жанабекович айтуы бойынша білім алушыларды осы шеберлік сабақта өз мамандықтарының майталанмандары екенін көрсетіп, болашақта бостандықта жақсы жұмыс істеп, өмірден өз орындарын табатына атап өтті. Әр топта үздік өнер көрсеткен оқушыларды шеберлік сабақтың соңында мақтау қағаздармен марапатталды.
№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан


