Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен Хэллоуин мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға 60-тан астам сотталған әйел қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен белсенділіктерін көрсетті. Іс-шара барысында түрлі безендірулер, қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді.
Аталған шараның басты мақсаты – сотталған әйелдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзара қарым-қатынасты нығайту және мекеме ішіндегі психологиялық ахуалды жақсарту.
Мұндай мәдени-көпшілік іс-шаралар сотталған азаматшалардың қоғамға бейімделуіне, жағымды эмоция қалыптастыруына және бос уақытын мазмұнды өткізуіне ықпал етеді.


