Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №9 қоныс колониясының жеке құрамы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлап, қазақтың ұлттық дәстүрлерін жаңғыртумен ерекшеленді.
Бұл күні мекеменің акт залы жеке құрам үшін жиналысқа емес, қазақтың ұлттық тағамдарымен сәні келген дастарханға ашылды. Мерекелік шараны ашқан №9 мекемесінің бастығы Абылайхан Құсайынов, жеке құрамды және арнайы шақыртылған қонақтарды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, іс- шараға қатысқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасарлары Бақытжан Илюпов, Нұрбек Кабдикаримов және ҚАЖ саласының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов пен сала ардагерлері, кеш қонақтары да жыл басы Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Әдемі жиында ән айтылып, би биленді. Күй күмбірлеп, терме төгілді.Жігіттер жағы қазақтың ұлттық ойындары асық атудан, гір көтеруден сайысқа түссе, қыз- келіншектер ұршық иіру мен тоқыма тоқудан жарысты.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы


