«Ұлыстың ұлы күні — Наурыз» мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке!

Бұл күні күн мен түн теңеліп, жер көктеп, гүлдер бүршік жарып, күн жылынады. Бүкіл Шығыс халықтарына ортақ мереке Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты #79 мекемесінде де атап өтілді. Мерекені салтанатты түрде ашқан мекеме бастығы, әділет майоры Ж.Г. Жумашев сотталған нәзік жандыларды «Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз» мерекесімен құттықтады.

Әр жасаққа берілген тапсырма бойынша қазақтың салт-дәстүрлері, яғни «Құда түсу, сырға салу», «Беташар», «Шілдехана», «Тұсау кесер» және «Сүндет той» секілді көріністер қойылып, дәстүрімізді қайта жаңғыртқандай болды.

Наурыз мерекесі әрі қарай ұлттық нақышта киіну, киіз үйдің жабдықталуы, ұлттық спорт түрлері және ұлттық тағамдарды дайындаумен жалғасын тапты. Мерекенің басты тағамы, яғни тоқшылықтың, молшылықтың басы, береке бастауы — жеті түрлі дәмнен жасалған «Наурызкөже» дайындалды. Шараға қатысқан барлық жасақтар алғысхат және сыйлықтармен марапатталды.

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында алдын алу шараларын өткізді

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында профилактикалық жұмыстар жүргізді....

Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент...

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде психологиялық кездесу өтті

Кеше Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде...

Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы...