Ақтөбедегі тергеу изоляторындағы жазасын өтеушілер Қазақ саңыраулар қоғамы өнерпаздарының концертін тамашалады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар Ақтөбе қаласының «Қазақ саңыраулар қоғамы» мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған «Әз-Наурыз» концерттік бағдарламасын тамашалады.

Іс-шарада өнерпаздар ұлттық билер және Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілікті арттыратын, патриоттық сезімді оятатын әндерді шырқады. Сонымен қатар, мәдениет үйінің өнерпаздары Наурыз мерекесінің қарсаңында сотталғандарға ақ тілектерін жолдады.

«Мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында өткізілген іс-шараның мақсаты — дәстүрлі төл мерекеміз «Әз-Наурыз» мейрамы қарсаңында сотталғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Бекітілген жоспар төңірегінде алдағы уақытта қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен іс-шаралар әлі де жалғасын табады»,- дейді №70 мекемесінің Арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны Нұрболат Ықлас.

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...