Ақтөбедегі түзеу мекемесінің қызметкерлері мектеп оқушыларын ҚР Ішкі істер министрлігі Академиясына оқуға шақыруда

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің қызметкерлері әділет аға лейтенанты С.Елеуов және әділет аға лейтенанты Ж.Едильбаев, Ақтөбе қаласындағы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия» түлектерін ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға шақыру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде мектеп оқушыларына 16 жастан 25 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары үшін Академияға түсу мүмкіндігі бар екендігі және төрт жыл оқығаннан кейін студенттер диплом, «Лейтенант» атағын алатындығы, сонымен қатар оқу бітіргеннен кейін міндетті түрде жұмыс орнымен қамтамасыз етілетіндіктері айтылды.
Сондай- ақ, Академияда оқу — мерзімдік әскери қызмет өткерумен теңестірілетіндігі және Академия тыңдаушылары үшін шәкіртақы және авто-теміржол көлігімен тұрақты тұратын жеріне және демалыс кезінде академияға оралу үшін жол жүру ақысы төленетіндігін атап айтқан жөн.
Айта кету керек, ​№8 мекемесінің қызметкерлері оқуға түсетін талапкерлерді іздеу мақсатында, Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

АЛМАТЫДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ ЖАҢА СЕРПІН АЛАДЫ

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан...

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі жаңашылдықтар

Қазақстан Республикасының Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге...

Сот қызметкері – заңның адал елшісі

Конституциялық реформалар арқылы жаңарған құқықтық кеңістікте мемлекет пен азамат...

Сандық технологиялар – қолжетімділік кепілі

Бүгінгі таңда қоғам өмірінің кез келген саласына сандық технологиялардың...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

📍Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны азайту мақсатында негізгі...