Түркістан облысында аспанға оқ атқан жас жігіттер анықталды

      Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде, түнгі уақытта көше бойында бір топ  жас жігіттердің бұзақылық жасап, қоғамдық тыныштықты бұзғанын анықтады. Яғни олар белгісіз қарумен аспанға бірнеше рет оқ атқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Бұзақылық) тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында, оқиғаның 2022 жылы желтоқсан айының 21-інен 22-сіне қараған түні қаладағы рестобарлардың бірінің алдында болғанын анықтады. Оқиға бойынша қарумен оқ атқан 5 жас жігіттің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді.    Олар Жетісай қаласының тұрғындары болып шықты.                                          Белгілі болғандай, туған күнге жиналған жастар соңында қызық үшін аспанға оқ атқан. Олардан айғақты зат ретінде ішкі істер органдарына тіркелмейтін, яғни  2 дана сигнал бергіш тапанша алынды. Жас жігіттер өздерінің осы іс-әрекеттеріне өкініп, алдағы уақытта қайталамайтынын жеткізді.                                             Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...