Қызылорда көлік прокуроры азаптауға қарсы іс-қимылдың тиімділігі мәселелерін талқылады

Қызылорда көлік прокуроры аға әділет кеңесшісі Е.Лесбеков Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізіп, онда азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар намысты қорлайтын іс әрекеттерге, сондай-ақ тергеу мен анықтау барысында басқа да рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимылдың тиімділігі талқыланды. Азаптауға қарсы іс-қимылдың негізгі міндеті азаматты ұстау және қылмыстық қудалау органдарына жеткізу сәтінен бастап рұқсат етілмеген әдістердің алдын-алу болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында  азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуына талап қойылды.

Кездесу барысында, көлік прокуроры азаптау жазаларын қатаңдату жөнінде қажетті шаралар қабылданғанына және 2023 жылдан бастап азаптауға байланысты қылмыстық істерді прокуратура органдарымен тергелетініне назар аударды.

Сонымен қатар, қызметкерлердің азаптаулар жасағаны немесе азаматтардың конституциялық құқықтарын жүйелі түрде бұзғаны үшін басшылар жұмыстан шығарылуға жататындығын ескертті.

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында алдын алу шараларын өткізді

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында профилактикалық жұмыстар жүргізді....

Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент...

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде психологиялық кездесу өтті

Кеше Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде...

Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы...