12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа іліккен адамдар қашан босатылады?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа іліккен адамдарды босату тәртібін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысы кулуарында журналистер бас прокурордың орынбасарынан қаңтар оқиғасына қатысты рақымшылыққа іліккендер қашан босатылатынын сұрады.

«Нақты мерзімін айта алмаймын, өйткені бірқатар істер әлі алдын ала тергеу органдарымен жүргізіліп жатыр. Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша алдын ала тергеу толық көлемде жүргізіліп жатыр. Іс сотқа жіберіледі, сот бұл істі қарайды, үкім шығарылған кезде ғана сот рақымшылық актісін қолданады. «Рақымшылық жасау туралы» заңда алты ай ішінде уәкілетті органдар жүзеге асыру үшін барлық ұйымдастыру шараларын қабылдауы тиіс деген норма бар», — деп түсіндірді Шыңдалиев.

Ол қазірдің өзінде жазасын өтеп жатқандардың 102-сі рақымшылыққа ілігетінін айтты.

«Үкім болса, бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болса, мекеме әкімшілігі немесе оның өзі оған рақымшылық актісін қолдану туралы сотқа өтініш жібереді. Заң бойынша сот оны бір ай ішінде қарай алады, содан кейін сот шешім шығарады. Егер адам ауырлығы аз және орташа істер бойынша сотталған болса, ол жазадан босатылады, ол бірден босатылуы мүмкін. Ал егер жай ғана жазаны қысқарту болса, онда ол қалған мерзімін өтеуі керек»,- деп қосты ол.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойғаны хабарланған болатын.

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...

НОВЫЕ ТРЕБОВАНИЯ ПО НДС

В ВКО УСПЕШНО РЕАЛИЗУЕТСЯ ПРОЕКТ «БИЗНЕС И НАЛОГИ». В...