Пробация қызметінің есебінде тұрған әйел адамдарға арналған психологиялық тренинг

Психологиялық тренинг-мінез-құлық дағдылары мен тұлғаны дамыту бойынша белсенді оқытудың бір түрі.  Тренинг жеке тұлғаның дамуына да, мінез-құлықтың белгілі бір белгілері мен әдеттерін түзетуге де ықпал етеді.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Байқоңыр аудандық пробация қызметінің қызметкерлері «Аумақ» жедел алдын алу іс шарасы кезінде қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Право» қоғамдық қорымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған әйел адамдарға «Девиантты мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Бұл тренингтің негізгі әдісі топтық пікірталас болды. 

Тренингте отбасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас туралы мәселелер талқыланды. Өйткені, ата-аналар мен балалар бір-бірімен күнделікті және жиі қарым-қатынаста болады. Мұндай байланыстар сенімділікті, рухани бірлікті, өмірдегі әрекеттер мен ұмтылыстардың үйлесімділігін дамытуға ықпал етеді. 

Нәтижесінде барлық қатысушылар «Право» қоғамдық қорының психологына, сондай-ақ Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Байқоңыр аудандық пробация қызметінің инспекторларына осындай қызықты тренинг үшін алғыстарын білдірді.

Адамға бағдарланған мемлекеттік қызмет: жаңа заңның жаңа мүмкіндіктері

Мемлекеттік қызмет-ел дамуының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан, бұл саладағы...

Ұлттық құрылтай – қоғам мен мемлекет арасындағы сенім көпірі

Мемлекет дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – билік пен қоғам...

В петле коррупции 

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ АГЕНТСТВА ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ ЖАНАТ ЭЛИМАНОВ ОТЧИТАЛСЯ ПЕРЕД...

По следам истины

ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ ПО ДЕЛУ НУРАЙ СЕРИКБАЙ ОКАЗАЛОСЬ НЕ О...