Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасындағы апатта қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым», – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шыққаны хабарланған болатын.

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...