Тергеу изоляторында сотталғандармен крупотерапия жүргізілді

Өмірде аяғын шалыс басып, жазасын өтеп жүрген сотталғандарға психологиялық көмек беру , олардың өмір сүруге деген құлшынысын ояту, қоғам қатарына қосылуға дайындау пенитенциярлық мекемедегі психологтардың ең басты міндеті.

Сондықтан психологтар шеберліктерін түрлендіріп отырады. Ал, әрбір психолог өзінің «қолында» тиімділігін дәлелдеген сүйікті құралдар жиынтығына ие.

Соның бірі, қылмыстық атқару саласына қарасты, Қызылорда облысындағы № 68 — мекеме психологы Орынбек Айбек сотталғандармен жұмыс барысына тағы бір әдіс – крупотерапияны қосты.

Бүгін мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтарымен крупотерапия әдісі бойынша психологиялық жұмыс жүргізілді. Крупотерапия — ағзаның бұзылған өмірлік процестерін қалыпқа келтіруге бағытталған дәнді дақылдардың әртүрлі түрлерімен жұмыстың дәстүрлі емес түрі.

Крупотерапия ұсақ моториканы, тактильді сезімталдықты, зейін, есте сақтау, ойлау, қиял сияқты психикалық процестерді, сондай-ақ, табандылық, шығармашылық және егде жастағы адамдардың эмоционалды-еріктік саласын қалпына келтіруге ықпалы бар – деп, түсіндірді өткізілген іс-шара жөнінде психолог А.Орынбаев.

Ал, сотталғандар жұмыстан алған әсерлерін былайша жеткізді.

  • Маған дәнді дақылдармен жұмыс жасау ұнады. Жұмыс кезінде әуезді ән тыңдап, көңіліміз серпіліп қалды. «Жарманы түртіп тап», «Екі қолмен сурет салу» жаттығуларын ықыласпен орындадым. Жапырақ, гүл, жануарлар мен үй суреттерінің аппликациясы бойынша түрлі дақылдарды жапсырып, жақсы дүние жасап шықтық.

Бұл іс-шара менің қиялыма қанат бітіріп, шабытымды оятты. Өмірге деген қызығушылығымды арттырды. Балалық-шағым есіме түсіп, сергіп қалдым. Психологтар да, сотталғандар да жұмыстың нәтижесіне риза болды, өйткені шығармашылық белсенділік туралы жақсы көңіл-күйден басқа, тамаша қолдан жасалған композициялар пайда болды.

Шара соңында сотталғандар жағымды эмоционалды көңіл-күймен тарқап, мекеме психологтарына алғыстарын білдірді.

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...