Министрлік дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді

Энергетика министрлігі дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, транзиттік көлік үшін пен шекара периметрі бойынша дизель отынына сараланған баға белгілеуді көздейтін бұйрық жобасы әзірленді.

«Бұйрық жобасына сәйкес:

▪️ Жүргізуші куәлігі болған жағдайда күніне лимит 100 литр дизель отыны үшін қазіргі бағамен 1 литріне 230-260 теңге, сондай-ақ жүк көлігі үшін, егер жүргізуші куәлігі және көлік құралының Қазақстанда тіркелгенін растайтын тіркеу куәлігі мен құжаттары бар болса, тәуліктік лимит 300 литр болады.

▪️ Басқаларға көрсетілген көлемдерден артық дизель отыны үшін 1 литрі 450 теңгеден сатылады.

Бұйрық жобасы 18 тамызға дейін Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтына онлайн талқылау үшін орналастырылды», — делінген хабарламада.

Дизель отынына деген сұраныстың қалыптасу мәселесін шешу үшін барлық ресурс, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және автожанармай құю станцияларына бөлінеді. Екінші кезекте, қалған жанар-жағармай өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Қазақстан темір жолына бөлініп, жетпеген жағдайда қажетті көлем импортталады.

«Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге белгіленген баға 1 тоннаға 222 мың теңгені (литріне 184 теңге) құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін барлық жоспарланған көлем толық орындалады», — деп түйіндеді
Б. Ақшолақов.

«Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

2026 жылдың 5-19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тетік

Сот жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – азаматтардың құқықтары мен...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...