«Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

2026 жылдың 5-19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлттық баспа күніне орай «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді.

Баспа ісі, медиа және дизайн күзгі мектебіне БАҚ өкілдері, баспа мамандары, ЖОО оқытушылары мен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысады. Іс-шара аясында халықаралық ұйымдар өкілдерінің, танымал баспа мамандарының, белгілі журналистердің, қолтаңбасы дара дизайнерлердің шеберлік сыныптары өтеді. Қатысу форматы: онлайн және офлайн.

Халықаралық күзгі мектептің ерекшелігі – академиялық білім мен кәсіби тәжірибені ұштастыру. Бағдарлама баспа, медиа және дизайн салаларының өзара байланысын жаңа технологиялық өзгерістер аясында қарастырып, қатысушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, кәсіби байланыстар орнатуына және инновациялық идеялар алмасуына жағдай жасайды.

Сонымен қатар іс-шара жасанды интеллект технологияларын қолданудағы этикалық жауапкершілік, авторлық құқық, ақпарат сапасы және шығармашылық еңбектің құндылығы мәселелеріне назар аударуға бағытталған.

Курстың соңында 72 сағаттық сертификат беріледі.

Күзгі мектепке тіркелу осы сілтеме бойынша жүргізіледі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSehTrEA_h1fArMlrayrRxS8pAI3TPuld3QsP1phoH7NrIH-UQ/viewform?usp=publish-editor

Шараның ресми серіктестері:

ҚР Ұлттық Кітап Палатасы

Қазақстан Дизайнерлер одағы

«Qazaq Gazetteri» ЖШС

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

«Шалқар» радиосы

«Заң» медиа-корпорациясы

Ашылуы 5 қараша сағ. 10:00.

Өтетін орны: «Әл-Фараби» кітапханасы, 409 зал.

Ұйымдастыру комитеті:

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы

Байланыс телефондары: +77712073437, +77476354596, +77075358455

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...