Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандармен «Қайта жаңғыру және оның алдын алу: оңалтудан кейін неліктен адам бұрынғы әдеттеріне қайта оралады?» тақырыбында тақырыптық әңгіме өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру, өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауға үйрету, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында салауатты өмір салтын ұстануға деген ынтаны арттыру.

Кездесу барысында қатысушылар оңалтудан кейін бұрынғы әдеттеріне қайта оралудың себептерін, күйзелістік жағдайлардың, қоршаған ортаның және эмоционалдық жағдайдың адамның мінез-құлқына әсерін талқылады. Өмірлік қиындықтарды еңсеру жолдарына, психологиялық көмекке уақытылы жүгінуге және мамандардың қолдауының маңыздылығына ерекше назар аударылды.

«Луч» оңалту орталығының өкілі Утенов Арман адамның оңалу үдерісінде өз-өзімен тұрақты жұмыс істеуі, өз әрекеттеріне саналы түрде баға беруі және өмір салтын өзгертуге дайын болуы маңызды екенін атап өтті.

«Қайтадан бұрынғы әдеттерге оралуға себеп болуы мүмкін жағдайларды алдын ала анықтап, эмоцияларды бақылауды және қажет болған жағдайда көмекке жүгінуді үйрену маңызды. Мамандардың қолдауы мен адамның ішкі ынтасы қиындықтарды еңсеруге, бұрынғы қателіктерді қайталамауға және өмірін оң бағытта өзгертуге көмектеседі», – деді Утенов Арман.

Өз кезегінде, тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Даурен Бугилбаев мұндай кездесулердің профилактикалық маңызы зор екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – құқық бұзушылықтардың алдын алумен қатар, сотталғандардың өз өмірі мен болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Мұндай әңгімелер ықтимал қауіптерді талқылауға, қиындықтарды еңсеру жолдарын үйренуге және әр адамның өз шешімдері мен іс-әрекеттеріне жауапты екенін түсінуге мүмкіндік береді», – деді Даурен Бугилбаев.

Кездесуге қатысқан сотталғандардың бірі өз пікірін білдірді:

«Мұндай әңгімелер өз әрекеттерің туралы ойлануға, бұрынғы қателіктердің себептерін түсінуге және өзіңді бақылаудың, теріс ықпалға берілмеудің, өмірде оң өзгерістерге ұмтылудың қаншалықты маңызды екенін ұғынуға көмектеседі».

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...