Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырған Джонни есімді азамат ұсталды

Есірткі контрабандасымен айналысты деген айыппен Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты қыздың Қытайға сапарын ұйымдастырған Джонни есімді азаматтың ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортун,  лақап аты «Джонни», шет мемлекеттің аумағында ұсталды», – деді адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.

2015 жылы Қазақстанның Ішкі істер министрлігі бұл адамға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Нұрмағамбетов толығырақ ақпарат алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне адвокаттық сауал жолдағанын айтты.

Қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдың Гуанчжоу қаласының әуежайында 2014 жылдың наурыз айында ұсталды. Ол таныстарының айтуы бойынша, Алматыдан Қытайға аттанған. Олар қызға Гуанчжоудан Малайзияға бренд киімдерін тасымалдауын өтініп, сол үшін қомақты қаражат төлейміз деп уәде еткен. Бойжеткен Гуанчжоу әуежайынан ұшып бара жатқанда ұсталды. Оның сөмкесінен есірткі табылды. Ақжарқын есірткі туралы мүлде білмейтінін мәлімдеді. Ол өз кінәсін мойындамады. Нигериялық есірткі трафигін ұйымдастырушылар әлі ұсталған жоқ.

2015 жылдың маусымында Гуандун соты Қазақстан азаматшасын өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2018 жылы сот істі қайта қарауға жіберді. Алайда кейінірек оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы туралы сот үкімі өзгеріссіз қалды. Аппеляциялық инстанция 2020 жылдың тамыз айында Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімін тағы да өзгеріссіз қалдырды.

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ – ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗІ

      Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың...

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...