Алматыда 149 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда психотроптық заттарды заңсыз дайындаған есірткі зертханасын жойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, заңсыз іске қатысқан жергілікті тұрғын ұсталған.

«Заңсыз айналымнан шамамен 9 келі мефедрон және α-PVP психотроптық заттары алынды, олардың қара нарықтағы құны 149 миллион теңгеге бағаланып отыр», — делінген хабарламада.

Тағы бір зерттеу барысында Алматыдан еліміздің батыс өңірлеріне жеткізуге арналған 500-ден астам экстази таблеткасы жасырылған сәлемдеме анықталған.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде 2022 жылғы 7 ақпанда Қазақстан азаматы ұсталды, оның тұрғылықты жерінен қосымша 200 грамм а-PVP психотроптық заты алынды» — делінген хабарламада.

Соталды тергеу материалдары ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелген.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...