Республика күніне орай волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында Республика күніне орай сотталған әйелдер арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.

Спорттық шараға екі командадан құралған 14 сотталған қатысты. Қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін, ұйымшылдықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру, командалық рух пен өзара ынтымақтастықты нығайту.

Жарыс қорытындысы бойынша командалар кубоктармен және грамоталармен марапатталды.

Мұндай іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.

Спорт – бірлік пен жігердің, достық пен табандылықтың белгісі!

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде Республика...

«Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

2026 жылдың 5-19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тетік

Сот жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – азаматтардың құқықтары мен...