Нұр-Сұлтанда ардагерлерге 1 млн теңге берілмек

Қаржы 18 соғыс ардегеріне беріледі.  Елордада Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 млн теңге беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Нұр-Сұлтан мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №221/25-VI шешімімен бекітілген қалада әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына сәйкес Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 67 айлық есептік көрсеткіш (205 мың 221 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Биыл Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 800 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр, Осылайша, 18 адамға 1 млн 5 мың 221 теңге төленеді», — деп жазылған Жеңіс күніне орай ардагерлерге 800 мың теңге қосымша төлем төлеу туралы мәслихат шешімінің жобасының түсіндірме жазбасында.

Бұл бюджеттен 14,4 млн теңге көлемінде қосымша қаржы бөлуді талап етеді. 

«Бұл жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді», — деп жазылған құжатта.

ПРОКРАСТИНАЦИЯ. ОТЛОЖИМ ЖИЗНЬ НА ПОТОМ

НАВЕРНЯКА МНОГИМ ЗНАКОМА СИТУАЦИЯ, КОГДА ВПЕРЕДИ ВАЖНОЕ ДЕЛО, СРОКИ...

Республика күніне орай волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында Республика күніне орай...

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде Республика...

«Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

2026 жылдың 5-19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тетік

Сот жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – азаматтардың құқықтары мен...