2030 жылға дейін әлемдегі бәсекеге қабілетті – 50, ал 2050 жылға қарай – озық 30 елдің қатарына қосылуды алдына стратегиялық мақсат етіп қойған Қазақстанда бүгінде ешкімді, ешнәрсемен таңғалдыру қиын. Кейбір рейтингтерде Орталық Азия мен ТМД елдері арасында ғана емес, бүкіл әлем бойынша үздіктер қатарында тұрған Қазақстанның жетістігі барлық уақытта бірдей көз қуантып, көңіл сүйіндірмейді. Мәселен, Егеменді әл-ауқат қоры институтының (SWFI) әлемдегі ең ірі 100 егеменді әл-ауқат қорларының жиынтық активі бойынша рейтингінде республикадағы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – 23, Қазақстан ұлттық қоры – 24 орында тұр.
Құрылған кезде үлгі ретінде алынғанына қарамастан «Самұрық-Қазынаны» сингапурлық Temasek-пен салыстыруға болмайды. 1974 жылы құрылған инвестициялық холдинг болып табылатын Temasek бастапқы кезде мемлекеттік компанияларды иелену және басқару үшін пайдаланылғанымен, үкімет экономикадағы квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендете бастаған кезде оның рөлі түбегейлі өзгерді. Temasek активтерінің ширек бөлігі ғана сингапурлық компанияларға салынған және онда мемлекеттік бақылаудағы компаниялар саны да шектеулі. шектеулі жандар үшін өз құқықтарын мұндай тар шеңберде емес, жеке партиясын құрып немесе олардың құқын қорғайтын арнаулы осындай ұйымның құрылуы қажет болар деген ойын жеткізіп, олардың бұған қаншалықты дайындығы жайлы сауал қойған еді. Осы мәселені депутат Генадий Шиповских та көтерді. Мусин мырза бұл тұрғыда арнайы зерттеулер жүргізілгенін, құзырлы мекемелер, үкіметтік емес ұйымдардың мұндай ұйымның құрылу қажеттігі және оған дайындықтың жеткілікті екендігі жайлы пікірде екендігін, сондықтан алдағы уақытта елімізде мүгедектердің жеке саяси ұйымы пайда болу мүмкіндігін мәлімдеді. Заң жобаларын талқылау барысында мәслихатқа сайлау кезінде мүгедектігі бар адамдардың тыс қалу себебі де сұралды. Бұған мардымды жауап ести алмадық. Заң жобалары тұтастай мақұлданып, Парламент Сенатына жіберілді. Осыған қарамастан ол әлемдегі Егеменді әл-ауқат қорларының жиынтық активі бойынша рейтингінде 7-орында тұр. 2020 жылы тәуелсіз әл-ауқат қорларын (124), зейнетақы қорларын, орталық банктерді (177), инвестициялық басқарушы компанияларды (3 475) және инвестициялау, активтерді, тәуекелдерді бөлу, басқару, экономика, саясат, сауда және басқа да ұзақ мерзімді мемлекеттік инвесторларды зерттеуге арналған ғаламдық бұл ұйымның Public Investor-10 рейтингінде «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы А.Есімов егеменді қорлар мен инвестициялық ұйымдардың Топ-10 басшыларының қатарына кірген еді (9-орын). Ал Temasek басшысы бұл тізімге енбей қалды. Яғни, рейтинг барлық уақытта бірдей сапалық көрсеткіштің өлшемі бола алмайды. Өйткені, табиғи байлығымен ғана емес, халқының жалпы сауаттылығы мен арнайы және жоғары білім деңгейімен де әлемде ең алдыңғы топта тұрған Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі қордың қызметі әлі күнге дейін сыннан арыла алмауда. Оны Мемлекет басшысы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысындағы сөйлеген сөзінде де ашық айтты. – Бүгінде бұл қордың активі еліміздің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына жуықтайды. Яғни, осы ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикамызды өркендетуге тікелей әсер етеді. Қордың КЕГОК, ҚазақГаз және Қазақстан темір жолы сияқты инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлық дерлік секторының тиімділігін айқындайды. Осы тұста қор өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма, яғни «Ұлттық байлықты еселей алды ма?» деген орынды сұрақ туындайды. Қомақты жалақы алатын қызметкерлер, директорлар кеңесі немен айналысады? Қызметі өте қымбат консалтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма? «Самұрық-Қазына» қоры еліміздің стратегиялық активтерін басқару ісінде басты рөл атқарады. Сондықтан, Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Егер қорды реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн. Қордың сатып алуларының ашықтығына қатысты мәселелер бар. Шағымдар жиі түседі. Осы мәселелердің міндетті түрде жауабын табу керек. Әсіресе, мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен келісімшарт жасауға мүмкіндік беретін негіздерді азайту маңызды. Алда «Самұрық-Қазына» қоры мен басқа да ұлттық компаниялардың сатып алулар тәртібін қайта қарастыру міндеті тұр. Былтыр «Реттелетін сатып алулар туралы» заң шықты. Алайда мәселелердің көбі бұрынғыша қордың өз шешімдері мен заңға тәуелді актілер деңгейінде шешілуде. «Самұрық-Қазына» ережелері мен рәсімдерін Қаржы министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау, дамыту агенттігімен келісуді қамтамасыз ету керек, – деді Қ.Тоқаев. ҚР Президенті экономикалық өсім мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтумен тығыз байланысты екенін, бірақ, жекешелендіру жүйелі және ашық жүргізіліп жатпағанын да сынады. Атап айтқанда, бәсекелестік ортаға берілуге тиіс активтерді іріктеу тәсілдері әлі айқындалмағанын, сондықтан оны шұғыл әзірлеу қажеттігін айтты. Үкіметке берген тапсырмасында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, тиісті Мемлекеттік комиссияның жекешелендіруге қатысты шешімдерінің толық ашық әрі айқын болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Соған сәйкес Премьер-Министр Әлихан Смайылов өткен бейсенбіде «Самұрық-Қазына» қорын реформалау мәселелері жөнінде кеңесте қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ жұртшылық тарапынан бақылауды күшейту мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалаудың ұсынылған шараларын одан әрі пысықтауды тапсырды. Бір қарағанда бәрі орынды секілді көрінгенімен, сыннан нәтиже шығаруда әлі де кемшілік көп. Экономикалық дамудың орнықтылығын қамтамасыз етуде зор табыстарға жеткен Корея мен Сингапурдың тәжірибесі бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры құрылған кезде оның қорын көбейту мақсатында мемлекеттік бюджеттен 5 млрд, ал Қазақстан ұлттық қорынан 10 млрд доллар бөлінген болатын. Мемлекеттік активті басқарудың тиімділігін арттырады деп бұл қорға Елбасы 2009 жылы басталған әлемдік қаржылық дағдарыстан кейін оған төтеп беретін бағдарламаны орындауды да сеніп тапсырғаны әлі есімізде. Соның нәтижесінде: қаржы секторын тұрақтандыру; жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу; шағын және орта бизнесті қолдау; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру функцияларына ие болған «Самұрық-Қазынаның» жұмысында ашықтық болмады. Көптеген сарапшылар «мемлекет ішіндегі мемлекет» деп бағалаған «Самұрық-Қазына» қорының Қазақстанның ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты өз миссиясын орындауға қатысты есебін сұрауға Үкімет те, Парламент те белсенділік танытқан жоқ. «Самұрық-Қазына» қорындағы қызметкерлер санын ретке келтіруді тапсырған Н.Назарбаев кезінде Үкіметтің бір отырысында: «Біз министрліктерді, агенттіктерді, комитеттерді қысқарттық, бірақ шенеуніктердің саны қысқармай отыр. Қызық, иә. Батпайтын кеме дерсің, бізде солай, «Самұрық-Қазына» қысқартып жатыр, қысқартып жатыр, бірақ ешкім кетпейді, барлығы сонда отыр, осылай жұмыс істейміз, міне. Себебі, басқа жақта мұндағыдай пайдасыз адамдар отырмайды. Көп айттым, біреуі жұмыс істейді, қалғандары соның мойнына отырып алады. Осы мәселені шешу қиын ба?», – деген Тұңғыш Президенттің сөзін енді Қ.Тоқаев қайталап жатса да оған ешкім таңырқамасы анық.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»
Әзімхан САТЫБАЛДИН ҚР БҒМ Экономика институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы:
– «Самұрық-Қазынаны» реформалау туралы алғаш рет оны Өмірзақ Шүкеев басқарып тұрған кезде айтылды. Сол кезде бәрі жақсы басталып, шетелдегі керегі жоқ құрылымдар жабылған еді. Оның аяғы не боп кеткенін өз басым білмеймін. Одан кейін қорды Ахметжан Есімов басқарған кезде табысы біраз көтерілді. Енді тағы да қорды реформалау бойынша жұмыс басталып жатыр. Әзірге оның қалай жүзеге асатыны белгісіз. «Самұрық-Қазына» мемлекет ішіндегі кіші мемлекет сияқты болды ғой бізде әрдайым. Мемлекетіміздің қазынаға қаржы түсіретін салаларының бәрі сонда. Тек шағын және орта бизнес пен ауыл шаруашылығы ғана Үкіметте қалды. Әрине, «Самұрық-Қазына» белгілі бір деңгейде өз міндеттерін орындады. Ондағы түйткілді мәселе меніңше оның акционерлік қоғам болуында. Заң бойынша 100 пайыз акциясы үкіметте болғанымен, олар мемлекеттік меншіктегі кәсіпорын болып саналмайды. Сондықтан да ондағы мәселенің бәрі үкімет пен қордың арасындағы қатынастар қалай болды дегенге келіп тіреледі. Түскен қаржы қанша пропорцияда бөлінді. Қордағы таза табыстың қалай бөлінгені ашық болған жоқ, оны ешкім білген жоқ. Мемлекет басшысы «Егер қорды реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн» деп ашық айтты ғой. Оның екі жағы бар. Керегі жоқ дейін десең экономиканың тірегі болып тұрған ұлттық компаниялар әр министрлікте қалса оларды басқару үшін бәрібір кішкентай «самұрықтарды» ашу керек болады. Оларды тиімді басқару үшін «Самұрық-Қазынаны» сақтап қалған дұрыс па, әлде әрбір компания үшін жеке-жеке басқарушылар керек пе дегенді зерттеу қажет.
Рахман АЛШАНОВ, экономика ғылымдарының докторы, Туран университетінің ректоры:
– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын құрудағы негізгі мақсат мемлекеттік активті басқарудың тиімділігін көтеру болды. Сол себепті Кореядағы жетекші компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін әлемдік деңгейге көтеру үшін құрылған Кегол деген компанияның үлгісі таңдалған болатын. Біз де қор жинап солай істейік дегенбіз. Өкінішке қарай, бұл ойымыз жүзеге аспады. «Самұрық-Қазына» қорындағы компаниялар табысының бәрін өз қажеттіліктеріне жұмсап, жалақыларын ұлғайтып, шетелден сарапшылар шақырумен әуестеніп кетті. Олардың бюджеті мемлекет бюджетінен асып кетті. Табыс теңдей бөліну керек еді. Олай болмады. «Самұрық-Қазына» биліктегілердің туыс-туғаны жиналатын жемқорлық орнына айналды. Біз әрдайым өзге елдердің тәжірибесін енгізген кезде сыртқы формасын аламыз да ішіндегі маңызы мен мағынасын жеткізе алмаймыз. Өйткені, оны ешкім бақыламайды. Сондықтан әрбір реформалық өзгерістің кейде экономикаға пайдасынан зияны көп болды.