Экологиялық қауіпсіздік мəселесі бүгінде əлемдік күн тəртібіндегі ең маңызды тақырыптың біріне айналды. Климаттың өзгеруі, өндірістік шығарындылардың артуы, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі жəне табиғи ресурстарға түсетін салмақ мемлекеттерді экологиялық саясатты түбегейлі қайта қарауға мəжбүрлеуде. Қазақстан да бұл үдерістен шет қалып отырған жоқ.
Соңғы жылдары елімізде қоршаған ортаны қорғау саласын жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды реформалар қолға алынды. Соның жалғасы ретінде Мəжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мəселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды. Құжаттың басты ерекшелігі – экологияны табиғатты қорғау мəселесі ретінде ғана емес, экономикалық даму, инвестициялық саясат, қоғамдық денсаулық жəне ұлттық қауіпсіздікпен сабақтас кешенді сала ретінде қарастыруында. Заң жобасын таныстырған Экология мəселелері жəне табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин бүгінгі таңда экологиялық проблемалардың қоғам өмірінің барлық саласына ықпал етіп отырғанын айта келіп: – Экология мəселелері əлдеқашан тар шеңбердегі мамандандырылған тақырып болудан қалды. Бұл – азаматтардың өмір сапасына, халық денсаулығына, елдің инвестициялық тартымдылығы мен ұлттық қауіпсіздігіне тікелей əсер ететін стратегиялық мəселе, – деді. Расында, қазіргі таңда қоршаған ортаның жағдайы халықтың өмір сүру ұзақтығынан бастап, өңірлердің экономикалық əлеуетіне дейін əсер ететін факторға айналды. Сондықтан экология лық саясатты жетілдіру тек табиғатты қорғау ғана емес, мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралы саналады. Ресми деректер елдегі экологиялық ахуалдың күрделілігін көрсетеді. Уəкілетті органның мəліметіне сəйкес, Қазақстанда жыл сайын атмосфераға шамамен 4 миллион тонна ластаушы зат шығарылады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі 5 миллион тоннаға жуықтайды. Экологиялық тұрғыдан проблемалы нысандар саны 1580-ге жеткен. Мұның сыртында республикадағы 2700-ден астам полигонның тек 20 пайызы ғана санитарлық талаптарға сай келеді. Мəселенің ауқымын халықаралық рейтингтер де көрсетіп отыр. Экологиялық тиімділік индексінде Қазақстан қалдықтарды басқару көрсеткіші бойынша əлемнің көптеген елдерінен кейін орналасқан. Жаңбыршин мырзаның айтуынша, бұл жағдай бақылау жүйесін күшейтіп қана қоймай, экологиялық саясатқа жаңа экономикалық тетіктер енгізуді талап етеді. Соның бір қадамы заң жобасында бірыңғай эко логиялық деректер жүйесін құру болып айқындалды. Яғни, жаңа құжаттың негізгі бағытының бірі – экология саласын цифрландыру. Қазіргі уақытта қоршаған ортаның жай-күйіне қатысты ақпарат əртүрлі ақпараттық жүйеде сақталады. Мұндай бытыраңқылық мəліметтердің қайталануына жəне бақылау сапасының төмендеуіне əсер етеді. Жаңа түзетулер бойынша барлық негізгі ақпарат Қоршаған ортаның жай-күйі жəне табиғи ресурстар жөніндегі ұлттық деректер банкінде шоғырландырылады. Оған табиғи ресурстар кадастрлары, өндірістік экологиялық бақылау есептері жəне автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің деректері енгізіледі. Мұндай жүйе экологиялық бақылаудың ашықтығын арттырып, мемлекеттік органдардың шешім қабылдау тиімділігін күшейтеді деген сенім бар. Климаттық міндеттемелерді орындаудың жаңа жолы да осы құжат аясында белгіленіп отыр. Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде халықаралық міндеттеме алыпты. Бұл мақсатқа жету үшін заң жобасында көміртектік офсеттер тетігі қарастырылған. Яғни, инвесторлар мемлекеттік орман қоры жерлерінде ағаш отырғызу немесе табиғи аумақтарды қалпына келтіру жобаларын қаржыландыра алады. Соның нəтижесінде қалыптасқан көміртек бірліктері нарықтық айналымға шығарылады. Мамандар мұны экология мен бизнестің мүдделерін ұштастыратын тиімді құрал деп бағалап отыр. Бұл бас тама Мемлекет басшысының ел аумағында 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындауға да ықпал етуі мүмкін. Еліміздегі өзекті экологиялық мəселелердің бірі – заңсыз қоқыс үйінділері екені белгілі. Ғарыштық мониторинг жыл сайын көптеген заңсыз қоқыс орындарын анықтағанымен, оларды жою жұмыстары барлық өңірде бірдей нəтиже бере бермейді. Себептердің бірі – жауапты органдардың өкілеттіктері нақты айқындалмаған. Заң жобасы бұл мəселені шешу үшін заңсыз қоқыс орындарын жою міндетін аудандық жəне қалалық əкімдіктерге бекітуді ұсынды. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау жəне көму бойынша шекті тарифтерді белгілеу құқығы да жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Мамандардың айтуынша, бұл өңірлік ерекшеліктерді ескеруге жəне қалдықтарды басқару жүйесіне инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар заң жобасында өндірістік кəсіпорындардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған нормалар да бар. Бүгінге дейін нормадан тыс шығарындылар үшін төленетін айыппұлдарға қатысты құқықтық дау лар жиі туып келді. Оның негізгі себебі – артық шығарындылар есептелетін кезеңнің нақты көрсетілмеуі. Енді бұл кезең соңғы өндірістік экологиялық бақылау жүргізілген күннен бастап есептеледі. Бұл норма экологиялық заңнаманы қолдану тəжірибесін біріздендіріп, кəсіпорындардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Заң жобасы қалдықтарды қайта өңдеу индустриясын қолдауды да көздейді. Егер май, қаптама жəне аккумулятор өндірушілері өндірісте кемінде 30 пайыз қайта өңделген шикізат пайдаланса, олар өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері бойынша бірқатар талаптардан босатылады. Бұл шара қайта өңдеу өндірісін дамытуға, қайталама шикізат нарығын кеңейтуге жəне айналым экономикасын қалыптастыруға бағытталған. Экономистер мұндай ынталандыру болмаса қалдықтарды қайта өңдеу саласын жаңа деңгейге көтеру қиын екенін айтып отыр екен. Заң жобасында қоғамдық бақылау мен экологиялық ағарту мəселелері де қамтылған. Құжатқа сəйкес экологиялық ағарту табиғатты қорғау шараларының міндетті бағытына айналады.


