Балалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық статистика бюросы еліміздегі балалар саны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады. Бұл республика халқының жалпы санының 33,6 пайызын құрайды.

Статистикаға сәйкес, балалардың 62,3 пайызы қалалық жерлерде, ал 37,7 пайызы ауылдық елді мекендерде тұрады. Ұл балалардың үлесі 51,4 пайыз болса, қыз балалардың үлесі 48,6 пайызды құрайды.

Өңірлер бойынша балалардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелген – 910,4 мың бала немесе жалпы көрсеткіштің 13,2 пайызы. Одан кейін Алматы қаласы – 688,9 мың бала (10 пайыз) және Алматы облысы – 572,3 мың баламен (8,3 пайыз) көш бастап тұр.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, соңғы бес жылда Қазақстандағы балалар саны 4,4 пайызға артқан.

Айта кетейік, жыл сайын 1 маусымда әлемнің көптеген елінде Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, жас ұрпақтың құқықтарын қорғау, денсаулығын сақтау және жан-жақты дамуына жағдай жасау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...

Магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.