Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында оқушылар мен студенттерді жұмыспен қамту шаралары туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді. Қазіргі таңда олардың 5,3 мыңы ресми түрде жұмыспен қамтылған.

Министрліктің ақпараттық жүйелерінің дерегіне сәйкес, оқушылар көбіне сауда, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық және демалыс қызметтері салаларында еңбек етеді.

«Жасөспірімдер алғашқы еңбек тәжірибесін көбіне осы бағыттарда алады. Олар көгалдандыру жұмысшысы, курьер, даяшы, сатушы-кеңесші, аспаз көмекшісі, аниматор және басқа да қызметтерде жұмыс істейді», – деді Асқарбек Ертаев.

Сондай-ақ министр былтырдан бері enbek.kz электронды  еңбек биржасында оқушыларға арналған «Менің жазғы демалысым» атты арнайы бөлімі жұмыс істейтінін атап өтті.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...

Магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.