spot_img
spot_img

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жатақхана жетіспеушілігі 56 пайыз — депутат

Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында студенттердің жартысынан көбіне жатақхана жетпейтінін айтып, премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының ақпараты бойынша соңғы 2 жылда ел аумағында 20 266 орындық 75 жатақхана пайдалануға берілген. Бұл — жалпы көрсеткіштің тек 27 пайызы. Пайдалануға берілген жатақханалардың тек 39-ы жаңадан бой көтерсе, қалған 36-сы реконструкциядан өткен. Негізінде мемлекеттік бюджеттен қарастырылған қаржы жаңа жатақханалардың құрылысына жоспарланғанын ескеру қажет. Аймақтарға келетін болсақ, бастама әркелкі жүзеге асырылып жатыр. Әсіресе, cтуденттер үйінің ең үлкен жетіспеушілігі немесе 56 пайызы Нұр-Сұлтан (шамамен 17,2 мың студент) және Алматы қалаларына (31,1 мың студент) тиесілі. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаны сапалы орындау бұл аймақтарға аса маңызды. Мысалы, Алматы қаласында 2022 жылға дейін 20 мың орындық 38 жатақхана құрылысы аяқталуы қажет. Бірақ, бүгінде соның 7,5 пайызы ғана орындалып, 1,5 мың орыннан тұратын 5 жатақхана салынды», — деді Мәди Ахметов премьер-министрге жолдаған сауалында.

Сондай-ақ, депутат сауалды дайындау барысында Білім және ғылым министрлігі, аймақтағы әкімдіктер, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы ұсынған статистикалық мәліметтер, жатақхана құрылысына байланысты ақпараттар бір-біріне сәйкес келмейтінін анықтағанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл әлеуметтік бастаманы жүзеге асырудың нақты бірыңғай жоспары жоғын көрсетеді.

«Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Аталған жұмыстың баяу жүруіне Сіздің назарыңызды аударғымыз келеді. Нақты шаралар қолданбай, дәл осы қалпында қала беретін болса, тапсырманың орындалмай қалу қаупі өте жоғары.

Сондықтан, тапсырманы жүйелі әрі уақытында орындау үшін:

1. Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығының» инвесторларға ұсынып отырған шарттарын қайта қарастыруы маңызды;

2. Жатақханаларды салудағы барлық жауапты мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелендіріп, ортақ үйлестіру мәселесін тез арада шешу қажет;

3. «Госэкспертиза» мекемесіне «Бес әлеуметтік бастама» аясында салынатын жатақхана құрылысының жобасын қарастыру мерзімін қысқартуды ұсынамыз;

4. Келісім-шарттарды жасауда, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы бюрократиялық процедураларды жеңілдету жолдарын қарастыру өзекті;

5. Мемлекеттік білім беру грантын орналастыру барысында жоғары оқу орындары мен колледждерге студенттік  жатақхананың міндетті болуы жөніндегі қойылатын лицензиялық талаптарды енгізу қажет.

6. Жатақханаларды салатын мердігер компанияларға әр студент үшін жатақханадағы орнына төленетін айлық төлемақысының құнын өсірмеуді келісім-шартта көрсету маңызды деп ойлаймыз.

Осы мәселелерді қарап, нақты шешімдер қабылдап, нәтижесін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауыңызды сұраймыз», — деп ұсынды депутат.

Айта кетейік, алматылық 25 жастағы Мәди Ахметов Мәжілістің ең жас депутаты болды. Ол депутат болған кезде әлеуметтік желілерде қазақстандықтар оның тым жас екенін айтып, сынады. Депутат Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандықтардың сынына жауап берді.

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам»...

Полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлығын тергеуде

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің...

Жалған хабарлама: полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған кәмелетке толмаған баланы тапты

Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда...

В Алматинской области врачи из Турции провели мастер-класс

В Алматинской региональной многопрофильной клинике прошел мастер-класс, во время...