Дербес кассациялық соттардың – сот жүйесіндегі маңызы

Кассациялық саты – бұл бірінші және апелляциялық инстанциялардан кейінгі, ең жоғары сатыдағы соттық тексеру органы. Бұрын бұл қызметті Жоғарғы Соттың құрамындағы сот алқалары атқарса, енді дербес кассациялық соттар жеке құрылым ретінде жұмыс істейді. Олар аса маңызды, күрделі және прецеденттік сипаттағы істерді қарауда маманданданған.
Астана қаласында орналасқан Дербес кассациялық сот өз жұмысын бастады. Бұл орган азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қайта қарайды.

Құрылу мақсаты – әділ сот төрелігіне қол жеткізу

Дербес кассациялық соттың басты мақсаты – сот төрелігінің біркелкілігін қамтамасыз ету, құқық қолдану тәжірибесін жүйелеу, және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым жоғары деңгейде қорғау.
Сот төрелігіне сенімділік артады

Бұл өзгеріс халықтың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған. Көп жағдайда азаматтар әділдікті тек Жоғарғы Соттан ғана күтетін, ал төменгі инстанциялар шешіміне күмәнмен қарайтын. Енді дербес кассациялық соттың құрылуы әділетті шешімдерге жетудің нақты мүмкіндігін арттырады.
Дербес кассациялық соттардың құрылуы – Қазақстан сот жүйесінің дамуындағы жаңа кезең. Бұл – құқықтық мемлекет құру жолындағы нақты әрі маңызды қадам. Ендігі жерде азаматтар әділдікке жету жолында қосымша мүмкіндікке ие болып, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай алатын болады.

Сот жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру – тек заңгерлер мен судьялардың ғана емес, бүкіл қоғамның мүддесі. Сондықтан бұл жаңашылдық – құқықтық мәдениет пен әділетке ұмтылған елдің дұрыс бағыты деп айтуға толық негіз бар.

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С. Нахипов

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...