12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейтінін, ешқашан сатылмайтынын» айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жерге байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет. Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – өте маңызды мәселе. Сондықтан, биыл Жер мәселесі жөніндегі комиссияны құрып, соның аясында бір байламға келген жөн», — деп жазды Президент «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында.

Мемлекет басшысы «қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын» екенін атап өтті.

«Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?! Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Өкінішке қарай, асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз. Көкжайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес. Қасиетті жеріміздің киесінен қорықпай, жат жұрттың да қолы бармас әрекеттерді жасап отырып, қалайша осы мекеннің иесіміз деп кеуде соға аламыз? Бұл – ащы да болса, шындық. Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Ол көшеге қоқыс тастамау, көрінген жерге от жақпау сияқты қарапайым нәрселерден бастап, жалпыхалықтық сипаттағы ауқымды экологиялық шаралар арқылы көрініс табуы қажет», — деп жазды Мемлекет басшысы.

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері бүлдіршіндермен бірге әнұранды орындады

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері бүлдіршіндермен бірге әнұранды орындады, - деп...

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде Мемлекеттік рәміздер...

Абай Құнанбайұлы — қазақ руханиятының шамшырағы

2025 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай...

Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды

Облыстық балалар клиникалық ауруханасына ми қан айналымының жедел бұзылуы...