Апостильдеу туралы құқықтық насихаттау

Қазіргі таңда азаматтардың шетелге оқуға түсу, жұмысқа орналасу, некеге тұру, тұрақты тұруға көшу немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін ресми құжаттарды шетелде пайдалану қажеттілігі жиі туындайды.

Осындай тұста, басқа мемлекет аумағында жергілікті құжаттың заңды күшін растаудың кең таралған тәсілдерінің бірі – апостиль қою. Апостиль – құжаттағы қолтаңбаның түпнұсқалығын, қол қойған адамның лауазымдық өкілеттігін және құжатқа қойылған мөрдің шынайылығын куәландыратын арнайы белгі. Апостильтің мақсаты құжаттың мазмұнын растау емес, құжаттың ресми түрде берілгенін куәландыру. Апостильдеу тәртібі 1961 жылғы 5 қазандағы шетелдік ресми құжаттарды қиындатылған консулдық заңдастыру талабы жойылған және бірыңғай халықаралық штамп ұсынылған Гаага конвенциясына негізделеді. Қазақстан Республикасы аталған халықаралық келісімге қатысушы мемлекеттердің бірі болғандықтан (1999 жылы қосылды), Қазақстанда берілген ресми құжаттар Конвенцияға қатысушы басқа мемлекеттерде апостиль қойылғаннан кейін, әдетте, қосымша консулдық заңдастырусыз қабылданады. Апостиль азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерге, білім құжаттарына, сот актілеріне, нотариаттық құжаттарға, анықтамаларға және заңнамада карастырылған басқа де ресми құжаттарға қойылады. Дегенмен, барлық құжаттарға бірдей апостиль қойыла бермейді. Құжаттың түріне, оны берген мемлекеттік органға және құжат ұсынылатын мемлекетке байланысты талаптар әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан құжаттарды рәсімдеуден бұрын олардың қандай тәртіппен куәландырылатынын нақтылаған жөн. Апостильдеу саласындағы құқықтық түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Азаматтардың құқықтық сауаттылығы жеткіліксіз болған жағдайда олар қажетсіз делдалдардың қызметіне жүгініп, артық қаржы мен уақыт жұмсауы немесе құжаттарды қате рәсімдеуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік органдар тарапынан апостиль қою тәртібі, қажетті құжаттар тізімі, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мен рәсімдері жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Қорытындылай келе, апостильдеу – халықаралық деңгейде құжаттарды тануды жеңілдететін маңызды құқықтық құрал. Оның тәртібін дұрыс білу азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға, құжаттарды шетел мемлекеттерінде кедергісіз пайдалануға және уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан апостильдеу мәселелері бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру – құқықтық насихаттау жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгіну мерзімдері

Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзмдерді өткізіп алу себептері...

Ана тілінің құндылығы

Менің тілім – менің қазынам. Бұл менің ата-бабаларымның диалектісі...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭТИКАСЫ

Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық...

ОПМ «Безопасный дом»

Согласно статьям 44, 63-64 УК РК лица, находящиеся на...

АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТТАРЫ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Биыл Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына...