Биылғы наурыз бен қыркүйек аралығында соvid-19 инфекциясына қарсы бағытталған шараларға 135 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды

Коронавирус инфекциясының алдын алуға, диагностика мен емдеуге, сондай-ақ эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге 154,7 млрд теңге бөлінді. Қаражат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы берілді, деп хабарлайды Қордың Алматы филиалы.

Қор 2020 жылдың наурыз-қыркүйек аралығында 135,6 млрд теңге төледі. Оның басым бөлігі, яғни, 81,3 млрд теңгесі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина мамандарына үстемақы ретінде төленді.

Наурыздан қыркүйекке дейінгі аралықта провизорлық және карантиндік стационарлар пациеньтерін емдеуге 24,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Онда барлығы 240 мыңнан астам адам емделді немесе оқшауланды.

Осы кезеңде инфекциялық стационарларда 72 мың пациент емделді. Covid-19 бен вирустық пневмониямен ауыратын науқастарды амбулаторлық және стационарлық жағдайда емдеуге 18,8 млрд теңге, үйдегі стационардың қызметіне 9 млн теңге жұмсалды.

Қоо мобильді бригадалар қызметіне шілде-қыркүйек аралығында 1 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады. Емханаға әрбір шақырту үшін 5400 теңгеден төленді, үш айда 190 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетілген.орындалды.  Еліміз өңірлерінде осындай 3000-нан астам бригада құрылған.

Жалпы, ПТР анализдерге 19 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Наурыздан қыркүйекке дейін жүргізілген тестілеу үшін Қор 10,7 млрд теңге төледі. Стационарларда 222 024 адам, амбулатория деңгейінде 708 124 адам ПТР тест тапсырды.

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Великая история как драйвер экономики 

ВЕРНУВШИСЬ ИЗ КИТАЙСКОЙ ДУХОВНОЙ СТОЛИЦЫ – ДРЕВНЕГО ГОРОДА СИАНЬ,...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...