Кассациялық соттың ерекшеліктері

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасында сот жүйесінің түбегейлі өзгерісі жүзегеа сырылды. Дербес касациялық соттар құрылды. Осымен елде төрт сатылы сот жүйесі орнығып, бұрынғы үш сатылы жүйе тарихық алды. Астана қаласында іс мамандануы бойынша азаматтық істер, қылмыстық істер, әкімшілік істер болып үш дербес кассациялық сот құрылды. Кассациялық сот судьяларына қойылатын біліктілік талабы да жоғары: кемінде 18 жылғы заңгерлік тәжірибе, немесе 8 жылғы судьялық стаж, оның ішінде 3 жыл облыстық деңгейдегі сотта жұмыс істеген болуы керек.

Жоғарғы Сот ендік кассациялық инстанция болудан тоқтап, негізгі функциялары сот тәжірибесінің бірегейлігін қамтамасыз ету, талдау және әдістемелік жұмыс болып өзгереді. Жоғарсы сот төрағасының ұсынуы немесе Бас Прокурордың наразылығы бойынша, адам өміріне, денсаулығына, экономикаға немесе ұлттық қауіпсіздікке ауыр, қайтымсыз зардаптар әкелуі мүмкін болған болса немесебелгісіз шектегі адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері немесе өзге де қоғамдық мүдделер бұзылғанда соттардың нормаларды түсіндіруі мен қолдануындағы бірегейлік бұзылғанда ғана істерді қайта қарау мүмкін болады.

2027 жылдың 1 шілдесінен бастап мүліктік даулар бойынша шектеулер алынады. Жеке тұлғалар үшін 2 000 АЕК-тен, заңды тұлғалар үшін 30 000 АЕК-тен төмен талаптар бойынша касациялық шағым беру мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар қылмыстық жөнсіздіктер және аз дәрежелі қылмыстар бойынша үкімдерді касацияға шағымдау шектеулері де алынады.

2025 жылдың 1 наурызынан бастап әкімшілік істерде әкімшілік орган жауапкер болған жағдайда талап қоюшының таңдауы бойынша аймақтан тыс істің тиістілігі енгізілді. Сондай-ақ маңызды зардаптар, қоғамдық мүдделер немесе қолданылу бірегейлігі туралы сөз болғанда прокурордың наразылығы немесе касациялық сот төрағасының ұсынуы бойынша «суперкассация» институты сақталды. 

Касациялық реформа Қазақстандағы сот жүйесін төрт сатылы етіп қайта құрды: кассациялық қызметті Жоғарғы Соттан дербес мамандандырылған соттарға берді, істі алдын ала сүзгілеуді жойып, ашық ауызша тыңдау мен нақты мерзімді енгізді. Жоғарғы Сот бірегейлік пен әдістемелік бағытты қамтамасыз ету функциясына көшіп, ерекше жағдайлар ғана қайта қарайды. Ал 2027 жылдан бастап шағын мүліктік даулар мен жеңіл қылмыстық істер бойынша да касацияға шағым беру мүмкіндігі ашылады.

Бұрын касациялық шағым алдын ала қарап, сүзгіден өткізетін  «ашылмай қалған» істер көп болатын. Енді алдын ала қарау жойылып, шағым тікелей касациялық алқаға түседі — ісіңіз «еркін кедергісіз» қаралады деген сөз. Сонымен қатар тек құжат бойынша қаралатын. Енді ауызша тыңдау жүргізіледі, тараптар өзінің дәлелдерін тікелей айтып, сот алдында түсіндіре алады.

Сөйтіп, кассациялық реформа Қазақстандағы әділ сотты бірқатар сатыға көтеруге бағытталған жүйелі қадам ретінде бағаланады: ол кассациялық соттарының дербестігі, ашықтығы, мерзімділігі мен қолжетімділігі арқылы заңдылықтың кепілі және сот тәжірибесінің бірізділігі туралы қағидаттарды нақтылай түседі. Реформаның нақты нәтижелі болуы жаңа соттардың тәжірибесіне, судьялардың біліктілігіне және тараптардың дәлелдемелерін ұсыну мәдениетіне тікелей байланысты болатыны анық.

Қызылорда қаласының 

мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің                 Қ.Б.Нұржігітов

бас маман-сот отырысының хатшысы 

Мемлекеттік тіл – әділ соттың алғышарты

          Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, оның...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігі – кез келген құқықтық мемлекет жағдайында қоғамдағы заң үстемдігін...

Обещали вернуть деньги: в ЗКО представители ОО «Жария» написали заявление на свое руководство

В Западно-Казахстанской области полиция начала проверку по факту мошенничества...

№68 мекемесінде автокөліктердің құжаттары тексерілді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Абай облысындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және...