Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігі – кез келген құқықтық мемлекет жағдайында қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Сот жүйесінің тиімді қызмет етуі тек заңдардың сапасына ғана емес, сонымен қатар сот отырысының дұрыс ұйымдастырылуына да тікелей байланысты. Осыған орай, сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібін жан-жақты қарастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сот процесінің тиімді, әділ және ашық өтуі тікелей оның ұйымдастырылу деңгейіне байланысты.

Сот отырысын ұйымдастыру – бұл сот ісін қарау барысында заң талаптарына сәйкес процессуалдық әрекеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру. Оның басты мақсаты – істі жан-жақты, толық және объективті қарау арқылы заңды әрі әділ шешім қабылдауды қамтамасыз ету.

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы – бұл тек техникалық процесс қана емес, ең алдымен азаматтардық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың кепілі болып табылады. Әрбір азамат сот алдында тең және өз құқықтарын қорғауға толық мүмкіндік алуы тиіс. Осы тұрғыда сот процесінің тәртіппен, ашық және жария түрде өтуі ерекше маңызға ие.

Біріншіден, дұрыс ұйымдастырылған сот отырысы тараптардың тең құқықта болуын қамтамасыз етеді. Әрбір қатысушы өз пікірін еркін білдіруге, дәлелдерін ұсынуға мүмкіндік алады.

Екіншіден, сот отырысының тәртіппен өтуі соттың беделін арттырады. Ашық және айқын жүргізілген процесс қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтады.

Үшіншіден, ұйымдастырудың жоғары деңгейі істі уақытылы және сапалы қарауға ықпал етеді, бұл сот төрелігінің тиімділігін арттырады.

Сонымен қатар, сот отырысын ұйымдастырудың жоғары деңгейі сот билігінің беделін арттырады. Қоғам сот жүйесіне тек әділ шешімдері үшін ғана емес, сонымен бірге процестің айқындығы мен тәртіптілігі үшін де сенім білдіреді. Ашық сот процестері азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға да оң әсер етеді.

Тағы бір маңызды аспект – сот отырысын тиімді ұйымдастыру істі уақытылы қарауға, яғни созбалаңдыққа салмай қарауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сот төрелігінің жеделдігін қамтамасыз етеді және процессуалдық мерзімдердің сақталуына ықпал етеді.

Сот отырысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделеді. 

Яғни:

— барлық процессуалдық әрекеттер заң талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс;

— талап қоюшы мен жауапкер сот алдында тең құқықтарға ие және өз дәлелдерін еркін ұсынуға мүмкіндігі болуы керек;

— сот отырыстары, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ашық түрде өткізіледі;

— дәлелдемелер сот отырысында тікелей зерттеледі;

— судьялар тек заңға бағына отырып, тәуелсіз шешім қабылдайды.

Аталған қағидаттарды сақтау сот процесінің әділ әрі объективті өтуінің кепілі болып табылады.

Сот отырысын ұйымдастыру тәртібі

Сот отырысын ұйымдастыру тәртібі бірнеше кезеңнен тұрады.

Дайындық

Бұл кезеңде сот ісін қарауға қажетті барлық материалдар жинақталады, тараптарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлама (Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдалану арқылы) жіберіледі. Сондай-ақ сот залының дайындығы, техникалық құралдардың жұмыс істеуі тексеріледі.

Сот отырысы басталуы

Сот отырысы судьяның төрағалық етуімен ашылады. Судья іске қатысушылардың келуін тексеріп, іске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді (ҚР ӘРПК-нің 28,29,30 баптары).

Істі қарау 

Бұл негізгі кезең болып табылады. Мұнда талап қоюшы мен жауапкердің түсініктемелері тыңдалады, дәлелдемелер зерттеледі, куәлардан жауап алынады. Сот процесі заң талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Сот жарыссөзіне көшуі

Тараптар өз ұстанымдарын қорытындылап, дәлелдерін келтіреді. Бұл кезеңде әр тарап өз позициясын барынша нақты жеткізуге тырысады.

Шешім шығару

Сот кеңесу бөлмесінде шешім қабылдап, оны жариялайды және сот залында түсіндіреді. Шешім заң талаптарына сай, негізделген және әділ болады.  (ҚР ӘРПК-нің 151 бабы).

Қорытынды

Сот отырысын дұрыс ұйымдастыру – әділ сот төрелігінің ажырамас бөлігі. Ол азаматтардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға қызмет етеді. Сондықтан сот процесін ұйымдастыруда заң талаптарын сақтау және кәсіби деңгейде жүргізу әрдайым басты назарда болуы тиіс.

Түркістан облысы мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік сотының 

бас маман сот отырысының хатшысы                                   Ә.А.Кэлс

Кассациялық соттың ерекшеліктері

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасында сот жүйесінің...

Обещали вернуть деньги: в ЗКО представители ОО «Жария» написали заявление на свое руководство

В Западно-Казахстанской области полиция начала проверку по факту мошенничества...

№68 мекемесінде автокөліктердің құжаттары тексерілді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Абай облысындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және...

В учреждении минимальной безопасности области Абай проведены пожарно-тактические учения

В целях предупреждения чрезвычайных ситуаций, обеспечения пожарной безопасности и...