ҚАЛАДАҒЫ КӨЛЕҢКЕ

Анадан қалған жалғыз із

Күләш пен Әлиханның бар байлығы — жалғыз қыздары Айсұлу еді. Ауылдағы шағын үйдің шаттығы да, тіршілігінің мәні де сол қыз болатын.

Айсұлу мектептен келген сайын анасы алдынан шығып:

— Құлыным, шаршаған шығарсың, тамағың дайын, — деп маңдайынан иіскейтін еді. Әлихан қызына сырттай сүйсініп қарап отыратын. Алайда бұл бақыт ұзаққа созылмады. Күләш аяқ астынан қайтыс болды. Дәрігерлер оның жүрегі тоқтағанын айтты. Әлихан әйелінің өліміне күмәнданатындай себеп көрмеді. Қайғының салмағы үйдің ішін басып қалды. Айсұлу анасынан айырылып, тұйықталып кетті.

Арада бір жыл өткен соң Әлихан Сәлима есімді әйелге үйленді. Сәлима бұрын тұрмыста болған, оның Сандра деген қызы бар еді. Сандра қалада тұратын. Сандра ауылға келген сайын Айсұлумен жылы сөйлесетін.

— Мектепті бітірген соң қалаға кел, — деді ол бір жолы. «Сені оқуға түсіремін. Қалада білім алсаң, болашағың жарқын болады»-деген еді. Бұл сөз Айсұлудың көңіліне үміт ұялатты.

Ол қала туралы армандай бастады. Бірақ Сандраның бұл ұсынысының астарында басқа мақсат жатқанын ол кезде ешкім сезген жоқ.

Мектеп бітірген күні Сандра ауылға өзі келді.

— Жүр, Айсұлу. Әкеңмен сөйлестім. Қалаға барып, оқуға түсесің. Мен өзім көмектесемін, — деп еді, Айсұлу әкесіне қарады. Әлихан үнсіз басын изеп:

— Бар, қызым. Оқы. Адам бол, өз наныңды өзің тауып жесең болды, — деп шарасыз күйде келісім берді. Айсұлу сол күні ауылдан үлкен үмітпен аттанды. Ол қалаға арман қуып барған еді. Бірақ қала оны басқа тағдырмен қарсы алды.

                          Үміттің ар жағындағы тұзақ

Алғашқы күндері Сандра Айсұлуға жылы қабақ танытты.

— Құжаттарыңды реттеп алайын. Оқуға түсуге әлі уақыт бар. Әзірге жұмыс істей тұр, — деген ойымен Айсұлу амалсыз келісті. Сөйтіп Сандра оны қаладағы бір кафеге ыдыс жуушы етіп орналастырды.

Таңнан кешке дейін аяғынан тік тұратын Айсұлу түнде үйге шаршап қайтатын.

Алғашқы жалақысын алған күні:

— Сандра, ақшамды берші дегендей қылып еді Сандра қабағын түйді.

— Ақшаңды шашып не қыласың? Мен жинап жүрмін. Оқуыңа керек болады деп қойды. Айсұлу сенді. Арада біраз ай өтті.

Оқу туралы сөз қозғалған сайын Сандраның жауабы өзгермейтін:

— Әлі ерте. Құжаттарың дайын емес, деген сылтаумен уақытты соза берді. Алайда Сандра жұмыссыз еді. Пәтерақы да, күнделікті азық-түліктің де ақшасы Айсұлудың тапқан ақшасымен төленетін. Кейінгі кездері Сандра достарымен қыдырып, үйде тұрмайтынды шығарған. Сән салонына барып, білгенін істейтін. Уақыт өте келе Сандра Айсұлудың телефонын да алып қоятын болған.

— Оқу орнына түскенше телефонның қажеті жоқ, дейтін. Айсұлудың артына адам салып та қойған болатын. Сандраның машинасы бар жігіттері Айсұлуды үйіне апарып, әкеліп жүретін.

Айсұлу әкесін сағынатын.

  • Әкеме хабарлассам, деген жерінен тиып тастайтын.

— Кейін сөйлесесің.

— Неге қазір емес?

— Әкең сенің қалаға келгеніңе риза емес. Сенің ауылға қайтқаныңды қалайды. Оқуға түспей қалғаныңды естісе, бұл қаладан кетесің, ауылда жүресің, тентіреп дейтін. Сол сөзден ұялған Айсұлу үнсіз қалатын.

Алайда, бұл өтірік еді. Бірақ Айсұлу оны білмеді. Ал ауылда мүлдем басқа жағдай болып жатқан. Әлихан қызын күн сайын күтетін. Бірақ тағдыр оны да аямаған еді. Қызын қалаға жібергеннен кейін көп ұзамай Әлихан ауыр жол апатына ұшырап, аяғынан жарақат алып, мүгедек болып қалды. Ол енді өздігінен жүріп-тұра алмайтын. Қалаға барып, қызын іздеуге шамасы жетпеді.

Сәлима да:

— Айсұлу оқып жүр ғой. Жағдайы жақсы. Өзі бізге риза, — деп күйеуін жұбатып қоятын.

Әлихан қызына сенді. Бірақ іштей сағынатын. Сандраға хабарласып, қызының жағдайын сұрағанда жатақханада тұрып жатқанын, телефонын жоғалтып алғанын айтқан да қойған.

Кей түндері қызының ескі суретін қолына алып:

  • Қызым аман жүрсе болды, адам болса болды, — деп күрсінетін.

Айсұлудың ауылға деген сағынышын, әкесі мен қызының арасын  Сандраның өтірігі бөліп тұрды.

Түндегі құтқарушы

Арада үш жылға жуық уақыт өтті.

Айсұлу қалада жұмыс істеп, тапқан ақшасының бір тиынын да өз қолына ұстай алмай өмір сүрді. Демалыс күндері де тыныштық жоқ еді. Үй тірлігімен қоса, достарының да кірлерін жуғызатын. Қарсылық білдірген сайын таяқ жейтін.

Бір күні Сандра Айсұлуды үйде қалдырып, өзі қонаққа кетпекші болды. Қашып кетпесін дегендей бұрында сән салонында танысқан Жанатқа өтініш айтқан. Жанат бірден келіскен еді. Сол күні кешке Жанат Сандраның үйіне қонуға келді.

Жанат — ер мінезді, ашық-жарқын, ешкімнің көңілін жықпайтын, адамдарға көмектесуге дайын қыз еді.

Бұрын соңды көрмеген соң, Сандраның «кішкентай сіңілімді қарап берші, бір жаққа шығып кетеді ме, қаланы білмейді, анда-санда қуады өзі» дегеніне Айсұлуды «кішкентай қыз» екен деп ойлаған. Айсұлудың түрін көргенде оның жүрегі шым етті. Жасы он сегіз-жиырмаға келіп қалған бойжеткен екен.

Алғашында үндеген жоқ. Сәл үйреніскен соң,

— Саған не болған? деп сұрап еді Айсұлу жауап бермеді.

Жанат қолынан ұстап еді, қыз селк ете қалды.

— Қорықпа. Мен саған жамандық жасамаймын. Сонда Айсұлу көз жасына ерік берді.

Айсұлу қалаға оқуға келгенін, оқуға түспегенін, жұмыс істеп жүргенін, жалақысын Сандраның алып жүргенін, әкесіне хабарласа алмайтынын, өгей әпкесінің кей кезде ұратынын, басынан өткеннің бәрін айтып берді.

Жанат біраз уақыт үнсіз отырды да,

— Мұндай өмірге көнуге болмайды, -деді.

— Қайда барамын?

— Әкеңе.

Айсұлу,  ол мені іздемейді, оқуға түспегенімді естісе ренжиді, оқып жүр деп ойлап жүр ғой, деп ақырын басын шайқады.

— Басқа қандай туысың бар?

— Шешемнің әпкесі Балқашта тұратын. Басқа ешкімім жоқ, деді.

Жанат оның көзіне тік қарады.

— Өзің тексермей тұрып, ешкімнің сөзіне сенбе. Балқашқа барсаң әпкеңді таба аласың ба?

— Иә, үйін білем.

Әңгіме әріге созылған жоқ. Сол түні Жанат Айсұлуға жаңа телефон сатып әперді. Жолына ақша берді де, вокзалға дейін шығарып салды. «Соған бар. Не болса да, мына жерден кет», деді де өз Жанат жалдамалы пәтеріне қайтып кетті.  

Айсұлу көз жасына ерік беріп, Жанатқа рақметін айтып кете барды.

           Ертесі, таң атпай Сандра үйіне оралған болатын. Есік жабық, Айсұлудың жұмыс орнына барып іздеуге кіріскен. Күні бойы іздеп, Жанаттың ісі екенін біліп, түн ортасы Жанатқа барғаны да сол.

Сандра түнгі бірде Жанат тұратын пәтердің алдына келді. Қасында жігіті бар. Жанатты шақыртып алып, машианада отырып, біраз уақыт әңгімелесті. Жанат пен Сантра ақыр соңында бір-бірімен ерегісіп, Жанат Сандраны итеріп жіберіп, көліктен босап шықты. Оның қалың жемпірі көліктің есігінде қалып қойды.

Жалдамалы пәтеріне келгенде бірге тұратын Самалға болған жағдайды айтып берді. Самал бастапқыда бұл іске араласқысы келмеді.

Бірақ Жанаттың:

— Ол қыздың артынан біреулер түсіп жүр. Мен қорқып отырмын, — деген сөзі оның ойын өзгертіп жіберді.

Үш жылдық өтірік

Айсұлудан бірнеше күн бойы хабар болмады. Жанат оның телефонына қоңырау шалды. Жауап жоқ. Бір күні бейтаныс нөмірден «Айсұлу біздің үйде, аман-есен, рақмет» деген қысқа ғана хабарлама келді. Жанат оны Самалға көрсетті. Әлгі нөмірге бірден хабарласқан Жанат Айсұлудың әпкесінің үйіне барғанын білді. Әпкесі Жанатты қонаққа шақырды. Екеуі Айсұлудың әкесін іздеп тауып, Айсұлудың ауылына барды. Олар арбада отырған Әлиханды көргенде таңғалды. Жанат өзін таныстырды.

Мен де үш жыл бойы Айсұлуды күттім, қызым қалаға кеткеннен кейін көп ұзамай жол апатына түстім. Аяғымнан айырылдым. Өзім жүре алмаймын. Қалаға барып іздеуге мүмкіндігім болмады ғой, деп Әлиханның көзі жасаурады. Айсұлуды бауырына қыса берді.

Жанат пен Самалдың жүрегі ауырды. Іштерінен Сандраның ісіне күйініп тұр. Қалайда Сандраны ұстауға уәде берді.

Қалаға барған соң, Сандраны іздестіріп, тапты.

Тергеу басталды.

Кафеден Айсұлудың жұмыс істегені анықталды.

Бірақ жалақыны оның өзі емес, Сандра алған. Сандраның басқа қыздарды да осылай жұмысқа орналастырғаны, «оқуға түсіремін»

деп уәде бергені, ал іс жүзінде оларды арзан жұмыс күші ретінде пайдаланғаны, қыздардың құжаттарын алып қойғаны белгілі болды. Олардың да туыстарына жалған ақпарат берген екен. Айсұлу да солардың бірі еді.

 

Жарыққа шыққан шындық

Сандра сот алдында қылмысын мойындауға мәжбүр болды. Сотталып кете барды. Айсұлу сол күннен бастап өткенін артқа тастауға тырысты. Қайтадан білім алды. Сәлима мен Әлихан ажырасты. Әпкесі Мәриям мен жездесі Серік есімді мейірімді жандар Айсұлуды өз қамқорлығына алып, оның оқуын жалғастыруына көмектесті. Айсұлу бірнеше жылдан кейін Данияр есімді жақсы жігітпен танысты. Данияр оның басынан өткен қиындықтарды білгенімен, Айсұлудан теріс айналмады. «Сенің өткенің — сенің айыбың емес, Сен сол қиындықтардың бәрінен аман өткен мықты жансың – дегені бар.

Ақыры екеуі шаңырақ көтеріп, Айсұлу әкесімен бірге қалаға көшті.  

Бір күні Жанат пен Самал оның үйіне қонаққа келді.Дастарқан басында қарт әкесі күлімдеп отыр екен. Екеуінің бақытын көрген қос құрбы, қуаныштан жүздері бал-бұл жанды. Терезенің сыртында кешкі қала шамдары жылтырап тұрды. Айсұлу терезеге қарап, жүрегінен анасы Күләшті еске алды. «Анашым, мен аманмын. Мен бақыттымын», — деді ішінен. Өйткені оның өміріндегі ең қараңғы кезең аяқталған еді. Қаладағы көлеңке сейілді. Ал Айсұлудың алдында жарыққа толы жаңа өмір басталған еді.

                                               Әсел Назаралы

Cүймен

1991 жыл. Мұрат жалғыз отырған кабинеттің есігін біреу тақ-тұқ...

БҰҚТЫРМАДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

Қайсенов Абылай Әзімханұлының Өскеменге қайта оралатыны ешқашан ойында болған...

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Алтын салған жасыл сөмке

Қармағын суға лақтырып, таңғы ауамен кеудесін кере терең тыныстаған...

МҰҒАЛІМ

Мамыр айының 25-і. Абылай бүгін қызы Еркеназдың тоғызыншы сыныпты...