Абай облысына «Қаладан – ауылға» жобасы бойынша 6 айда 395 отбасы қоныс аударды


Абай облысында аймақ басшысы Берік Уәлидің бастамасымен осыдан 6 ай бұрын басталған «Қаладан – ауылға» жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Жобаға қызығушылық танытқан азаматтар саны артып, ауылдық жерлерге қоныс аударушылар қатары көбейіп келеді.

Осы уақыт аралығында облысқа жалпы саны 1241 адамнан тұратын 395 отбасы қоныс аударды. Оның ішінде 508 адам Семей қаласынан, 733 адам еліміздің басқа өңірлерінен көшіп келді.

Соңғы аптада облыс ауылдарына 42 отбасы қоныстанды. Бұл – жоба басталғалы бір аптадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұған дейін аптасына орта есеппен 10-15 отбасы көшіп келген.

Жобаны іске асыру аясында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін өңірге 500 отбасын көшіру межесі белгіленген. Қазіргі таңда бұл жоспар 79 пайызға орындалды. Белгіленген межеге сәйкес әр ауданға 50 отбасынан қабылдау міндеті қойылған. Бұл көрсеткіш қала және аудан әкімдерінің қызметін рейтингтік бағалау жүйесіне де енгізілген.

Айта кетейік, биылғы жылдың 20 ақпанында Семейде облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы өтті. Форум аясында «Қаладан – ауылға» атты жаңа жобаның басталғаны жарияланған болатын.

По проекту «Қаладан – ауылға» за шесть месяцев в область Абай переехали 395 семей

В области Абай активно реализуется проект «Қаладан – ауылға»,...

Науқанның соңғы аптасы – партиялар дауыс беруге санаулы күн қалғанда өңірлерді аралауды аяқтап жатыр

Партиялардың сайлауалды сапарлары біртіндеп мәресіне жақындап келеді. Дауыс беруге...

Наблюдатели СНГ отметили спокойный и организованный ход агитации

В промежуточном отчете Миссия наблюдателей от СНГ отметила спокойный...

Состязание IT- и инженерных разработок 

ВОЕННО-ИНЖЕНЕРНЫЙ ЧЕМПИОНАТ SHAIQAS 2026, СОБРАВШИЙ РАЗРАБОТЧИКОВ, ИНЖЕНЕРОВ, ВОЕННОСЛУЖАЩИХ И...