Сот приставының негізгі құқықтары мен міндеттері

Сот жүйесінің тиімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін маңызды тұлғалардың бірі – сот приставының негізгі құқықтары мен міндеттеріне арналады. Кез келген құқықтық мемлекетте сот төрелігінің беделі мен заңның үстемдігі тек әділ сот шешімін шығарумен ғана емес, сонымен бірге оның мүлтіксіз орындалуымен және сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігімен өлшенеді. Дәл осы жауапты міндетті атқаруда сот приставтары айрықша роль атқарады.

         Сот приставының негізгі міндеттеріне тоқталатын болсақ, олар ең алдымен сот ғимаратында және сот мәжілісі өтіп жатқан залдарда қоғамдық тәртіпті, заңдылықты қамтамасыз етуге міндетті. Судьялардың, куәлардың, сарапшылардың және сот процесінің басқа да қатысушыларының қауіпсіздігін қорғау – олардың басты жүктемесі болып табылады. Оған қоса, сот приставы сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттерін жүзеге асыруы кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сотқа келуден қашқақтаған тұлғаларды мәжбүрлеп алып келу шараларын жүргізеді және сот шешімдерін орындаудан бұлтаратын борышкерлерді іздестіруге көмектеседі. Мұның барлығы азаматтардың құқықтарының нақты қалпына келуіне тікелей ықпал етеді.

       Сонымен қатар, өздеріне жүктелген міндеттерді сапалы әрі нәтижелі үшін сот приставтарына заңмен кең ауқымды құқықтар берілген. Сот приставы сот мәжілісі залында тәртіп бұзған тұлғалардан тәртіпке бағынуды талап етуге, заңсыз әрекеттер тоқтатылмаған жағдайда оларды сот залынан шығарып жіберуге немесе әкімшілік хаттама толтыру үшін ішкі істер органдарына тапсыруға құқылы. Мемлекеттік органдардан, және азаматтардан өз қызметіне қажетті ақпараттар мен сұратуға, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайларда және жеке тұлғаларды, олардың заттары мен көлік құралдарын жүзеге асыруға өкілетті.

        Айта кету керек, сот приставы өз қызметін атқару барысында азаматтардың өміріне, денсаулығына немесе сот төрелігін жүзеге асыруға қауіп төнген төтенше жағдайларда заңда көзделген тәртіппен физикалық күшті, арнайы құралдарды және тіпті атыс қаруын қолдануға құқылы. Әрине, мұндай төтенше шаралар қатаң түрде заң шеңберінде және заңдылық пен адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына сәйкес қана қолданылады.

        Қорытындылай келе, сот приставының құқықтары мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты және олардың тиімді жүзеге асырылуы еліміздегі сот төрелігінің беделін арттыруға, сот шешімдерінің сөзсіз орындалуын қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауға тікелей қызмет етеді.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының

аға сот приставы – Л.Т.Бисалина

Судья әдебі – кәсіби жауапкершіліктің маңызды бөлігі.

Судья – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтары мен...

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...