Сот қызметкері – заңның адал елшісі

Конституциялық реформалар арқылы жаңарған құқықтық кеңістікте мемлекет пен азамат арасындағы алтын көпір саналатын сот жүйесінің рөлі ерекше зор. Кез келген құқықтық мемлекетте әділдіктің орнауы мен заң үстемдігінің салтанат құруы тек қабылданған заңдардың кемелдігімен ғана емес, сол заңдарды іс жүзінде жүзеге асыратын мамандардың кәсібилігімен өлшенеді. Осы орайда, сот билігінің ажырамас бөлігі саналатын сот қызметкерлерінің еңбегі мемлекеттік басқару мен құқық қорғау саласындағы ең жауапты миссиялардың бірі болып табылады. Сот ғимаратының табалдырығын аттаған әрбір азамат ең алдымен сот кеңсесінің маманымен, сот отырысының хатшысымен немесе сот приставымен жүздеседі. Сол себепті сот қызметкері – заңның ғана емес, мемлекеттің әділдігі мен мәдениетінің де бет-бейнесі, ел сенімін арқалаған адал елшісі десек қателеспейміз.

         Сот қызметкерінің күнделікті атқаратын жұмысы сырт көзге білінбейтін, бірақ өте үлкен ұқыптылық пен жауапкершілікті талап ететін қыруар еңбектен тұрады. Сот отырыстарын уақтылы ұйымдастыру, іс құжаттарын заң талаптарына сай ресімдеу, тараптарға хабарлама жолдау және әрбір процестің заң шеңберінде, ашық әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз ету – осы мамандардың иығына жүктелетін негізгі міндеттер. Жаһандану кезеңі аясында сот жүйесін заман ағымына сай цифрландыру, электронды сот ісін жүргізу технологияларын енгізу процестері де тікелей сот қызметкерлерінің белсенді қатысуымен жүзеге асып жатыр. Олар жаңа технологияларды жетік меңгере отырып, сот төрелігінің азаматтар үшін барынша қолжетімді, ашық әрі жедел болуына жол ашты. Технология қаншалықты дамығанымен, сот ісіндегі адами фактордың, заңға деген құрмет пен моральдық жауапкершіліктің орны ешқашан төмендемейді.
Нағыз сот қызметкерінің бойында кәсіби біліктілікпен қатар, жоғары адамгершілік қасиеттер мен мықты мінез-құлық болуы шарт. Сотқа жүгінетін азаматтардың көбіне тағдырлы кезеңде, рухани немесе материалдық дағдарыс сәтінде келетінін ескерсек, олармен тілдесуде шыдамдылық таныту, сыпайылық пен парасаттылық көрсету аса маңызды. Заңның адал елшісі сот залындағы әрбір адамның құқығы мен ар-намысын бірінші орынға қояды. Әділдікке деген сенім сот ғимаратындағы тәртіптен, құжаттардың уақытылы орындалуынан және мемлекеттік қызметкердің өз ісіне деген адалдығынан бастау алады. Бұл мамандық иелерінің заң талаптарын мүлтіксіз сақтауы, қызметтік этиканы қатаң ұстануы және сыбайлас жемқорлық сияқты теріс құбылыстарға батыл қарсы тұруы сот жүйесінің қоғам алдындағы абыройын асқақтата түседі.                                                                                                    
         Қорыта айтқанда, жаңарған Конституция жағдайында сот жүйесіне жүктелген міндеттерді сапалы атқару тікелей сот қызметкерлерінің адал еңбегіне байланысты. Мемлекет атынан қабылданатын әрбір шешімнің заңдылығы мен әділдігіне өз үлесін қосатын бұл мамандар елімізде құқықтық тәртіп пен бейбітшілікті сақтаудың маңызды тірегі болып қала бермек. Өз міндетін абыроймен атқарып, заң мен әділдік жолында талмай қызмет ету – әрбір сот қызметкерінің қасиетті борышы және құқықтық қоғам қалыптастыруға қосқан баға жетпес үлесі.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маман- сот мәжілісінің хатшысы

Ержанова Айгерім Равхатқызы

Сандық технологиялар – қолжетімділік кепілі

Бүгінгі таңда қоғам өмірінің кез келген саласына сандық технологиялардың...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

📍Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны азайту мақсатында негізгі...

Процестегі тәртіп: кім және қалай қамтамасыз етеді?

Нұркасын Рамазан Амантурлыұлы Маңғыстау облысының кәмелетке                                                                          толмағандардың істері жөніндегі                                                                          мамандандырылған...

Маусымдық аллергиялық аурулардың алдын алу

Маусымдық аллергиядан қалай қорғануға болады: дәрігер кеңесі. Көктем мен...

Точки роста экономики

ВОПРОСЫ УКРЕПЛЕНИЯ ЭКОНОМИЧЕСКОГО ПОТЕНЦИАЛА РЕГИОНОВ, АКТИВИЗАЦИИ ИНВЕСТИЦИОННОЙ ПРИВЛЕКАТЕЛЬНОСТИ ДЛЯ...