Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі әрі бизнес пен мемлекет арасындағы жария-құқықтық қатынастардың негізгі өзегі. Осы орайда, бұл салада туындайтын даулардың сипаты мен оларды шешу жолдары құқықтық қоғамда үлкен маңызға ие. Бүгінде мемлекеттік сатып алуға қатысты даулар жария-құқықтық қатынастардан туындайтындықтан, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) сәйкес мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттармен қаралатын болды .

Бұл санаттағы істердің басым көпшілігі бизнес өкілдерінің, яғни әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу қорытындыларын заңсыз деп танып, олардың күшін жою туралы талап қоюлары бойынша қозғалады.Бұл әкімшілік сот ісін жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан талап қоюшы тараптар үшін заңнамалық талаптарды жете білу маңызды.

Сотқа дейінгі реттеу

Осы санаттағы даулар сотқа келіп түскенде, судья ең алдымен сотқа дейінгі реттеу тәртібінің сақталған-сақталмағандығын зерттейді. Себебі, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 47-бабына сәйкес, егер тапсырыс берушінің,комиссиялардың немесе өзге де жауапты тұлғалардың әрекеттері  мен шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтарын бұзса, оларға шағым жасалуға  заңмен рұқсат етілген.Ең бастысы — заңда бұл дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі міндетті түрде орындалу керек деп бекітілген. Егер кәсіпкер бұл кезеңінен аттап өтіп, бірден сотқа жүгінсе, ӘРПК-нің 138-бабына сәйкес сот талап қоюшының талабына қайтарып сол жайлы туралы ұйғарым шығарады.

Әкімшілік сот ісін жүргізудің құқықтық негіздері

Бұл санаттағы дауларды қарау барысында соттар ӘРПК нормаларын ғана емес, сонымен қатар «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды және ҚР Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» № 4 Нормативтік қаулысын басшылыққа алады.Әкімшілік сот ісін жүргізудің басты артықшылығы мен ерекшелігі — мұнда «соттың белсенді рөлі» қағидаты қолданылады. Егер бұрын азаматтық процесте тараптар дәлелдемелерді өздері жинауға міндетті болса,қазіргі кезенде  әкімшілік сотта судья істің шынайы мән-жайын анықтау үшін өз бастамасымен қосымша құжаттар мен айғақтарды талап ете алады.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік істерді қарау — кәсіпкерлердің құқықтарын бюрократиялық кедергілерден қорғаудың және бюджет қаражатының ашық жұмсалуын қамтамасыз етудің ынғайлы құралы. Сондықтан, заң талаптарын, соның ішінде сотқа дейінгі шағымдану тәртібін мүлтіксіз сақтау — талап қоюшының оң нәтижеге қол жеткізуінің басты кепілдерінің бірі.

Мырзатаева Г.Ж, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...

Ақпараттық қауіпсіздік: цифрлық дәуірдің маңызды талабы

Қазіргі қоғамда «ақпарат» ең құнды ресурстардың біріне айналды. Мемлекеттік...