Мемлекеттік тіл – мәртебе ме, әлде міндет пе?

Қазақ тілі — қазақ халқының жаны, рухы, болмысы. Мемлекеттік тіл туралы мәселе тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап көтеріліп келеді. Алайда арада отыз жылдан астам уақыт өтсе де, мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны толық бекіді деп нық сеніммен айту қиын. Неге?

Бүгінде қазақ тілі қағаз жүзінде мемлекеттік мәртебеге ие болғанымен, өмірдің барлық саласында толық үстемдік құра алмай отыр. Әсіресе қала мәдениетінде, бизнес пен қызмет көрсету саласында, кейбір мемлекеттік мекемелердің өзінде қазақ тілінің емес, өзге тілдің басымдығы байқалады. Бұл — ащы шындық.

Кейде мемлекеттік тілге қатысты мәселе тек мереке күндері немесе ресми жиындарда ғана еске түсетіндей әсер қалдырады. Ал күнделікті өмірде қазақ тілінде қызмет сұраған азаматтың өзі ыңғайсыз жағдайға тап болады. Мемлекеттік тілде сөйлеген адам емес, түсінбеген адам қысылуы тиіс қоғам әлі толық қалыптасқан жоқ.

Тағы бір өзекті мәселе — жастардың тілге деген көзқарасы. Иә, қазіргі жастар білімді, технологияны меңгерген, әлемге ашық. Бірақ сол жастардың арасында қазақша еркін сөйлей алмайтын, ойын өз тілінде жеткізуге қиналатындары да аз емес. Бұл — тек отбасының немесе мектептің мәселесі емес. Бұл — тұтас қоғамның мәселесі.

Әлеуметтік желі дәуірінде тіл тағдыры жаңа бағытқа көшті. Қазіргі таңда жастардың сөздік қорына шетелдік сөздер мен аралас тіл тым көп енуде. Қазақша сөйлеуді «ескілік» немесе «ауылдық түсінік» деп қабылдайтын көзқарас әлі де кездеседі. Бұл — қауіпті үрдіс. Өйткені тіл әлсіресе, ұлттық сана да әлсірейді.

Мемлекеттік тілді дамыту үшін ұран емес, нақты әрекет керек. Бірінші кезекте қазақ тілі күнделікті өмірдің тіліне айналуы тиіс. Балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейін сапалы қазақ тіліндегі білім беру жүйесі күшеюі қажет. Сонымен қатар қазақ тіліндегі заманауи контент, кино, ғылым, технология, бизнес бағыттары дамымайынша, тілдің қолданыс аясы кеңеймейді.

Мемлекеттік тілге жанашырлық көрсету — міндет емес, ұлт алдындағы жауапкершілік. Қазақ тілі ешкімнен артықшылық сұрамайды. Ол тек өз елінде өз тұғырының биік болуын қалайды.

Тіл — ұлттың тірегі. Егер біз мемлекеттік тілдің мәртебесін шынайы көтере алмасақ, онда тәуелсіздіктің рухани негізі әлсірейді.

Орал қаласының №2 сотының судьясы Р.С.Әділгерей

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ ПРОЦЕСТІК МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Қазақстан Республикасында әкімшілік сот төрелігін жүзеге асыру барысында заң...

Железнодорожные ворота области

В городе Қонаев подходит к завершению модернизация железнодорожного вокзала....

Тіл – мемлекет тірегі

Тәуелсіз, егеменді елдің басты белгілерінің бірі – тіл. «Тіл...

Праздник для детей

1 ИЮНЯ ПРОФСОЮЗ «ПАРАСАТ» РАБОТНИКОВ КАЗНУ ПРОВЕЛ ПРАЗДНОВАНИЕ ДНЯ...