Қоғамның дамуы мен мемлекет тұрақтылығының басты шарты –заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіптәң сақталуы. Әрбір елдің өркениеттілік деңгейі оның азаматтарының құқықтық санасы мен мәдениетіне тіеклей байланысты. Заң мен тәртіпке құрмет –бұл тек мемлекеттік міндет емес ,әрбір азаматтың ішкі жауапкершілігі мен моральдық ұстанымының көрінісі . Әділетті қоғам құру үшін адамдврдың құқықтық мәдениеті жоғары,азаматтық санасы биік болу қаже. Осы тұрғыдан алғанда «Заң және тәртіп» ұғымдары қоғамдағы тұрақтылық пен үйлесімділіктің, сенім мен әділеттіліктің негізін қалайды.
Құқықтық мәдениет –адамның қоғам алдындағв мінез құлқын, тәртібін шешім қабылдау қабілетін айқындайтын маңызды көрсеткіш. Заңға бағыну тек қорқыныштан емес, ішкі сенім мен саналы түсініктен туындауы керек. Азамат өз құқықығымен міндетін білсе,ол өзге адамдардың да құқықтарын құрметтейді. Бұл өзара сыйластық пен сенім қалаыптастыратын басты құндылық. Қоғамдағы тәртіп пен әділеттіліктің сақталуы-әрбір адамның заңға деген көзқарасына, оның орындалуына қаншалықты үлес қосатынына байланысты.
Құқықтық мәдениеттің дамуы ең алдымен отбасы мен білім беру жүйесінен басталады. Баланың бойында кішкентайынан адалдық, әділдік, жауапкершілік сезімін қалыптастыру –болашақта құқықтықсанасы жоғары азамат тәрбиелеудің негізі . Мектеп пен жоғары оқу орындарында құқықтық тәрбие беруді күшейту азаматтық құндылықтарды насихаттау патриоттық сана мен заңға құрмет сезімін ояту –мемлекеттік дасуының стратегиялық басым бағыттарының бірі . Себебі заңды білетін өз әрекетіне жауап бере алатын азамат-тұрақты қоғамның тірегі.
Қоғамдық санада «тәртіп» ұғымы тек жазалау немесе шектеу түсінігімен емес ,үйлесімді өмірдің шарты ретінде қабылдануы тиіс . Тәртіп бар жерде әділдік пен сенім орнайды, сенім бар жерде бірлік пен даму болады. Заң мен тәртіп бұзушылыққа қарсы мәдени иммунитет қалыптастыру- бұл ұзақ мерзімді , кешенді процесс. Онда құқық қорғау органдарының қызметі, білім мен тәрбие жүйесінің сапасы ақпараттық саясат пен БАҚ-тың рөлі ерекше маңызды.
Қазіргі кезде цифрлық кеңістіктегі тәртіп те өзекті мәселе болып отыр. Ақпараттық қауіпсіздік , жеке деректерді қорғау, интернеттегі жауапкершілік мәдениеті –жаңа заманның құқықтық тәртібінің ажырамас бөлігі. Әрбір азамат әлеуметтік желілерде ,цифрлық платформаларда өз әрекеті үшін жауапты екенің түсінуі қажет. Бұл тек заңдық емес , моральдық жауапкершілік те.
Тәртіп пен заңға құрмет көрсету –мемлекетке деген сенімнің , ұлттық бірліктің және мәдениеттіліктің көрінісі. Заң талаптарын орындау-азаматтың мемлекет алдындағы борышы, ал заңды бұзбау- өзіңе және өзге адамдарға деген құрметтің белгісі. Құқықтық мәдениеті жоғары елде жемқорлық азаяды,қылмыс төмендейді, қоғамдағы сенім артады. Мұндай,қоғамда әркім өз рөлін түсінеді, ортақ құндылықтар үстемдік етеді.
Азаматтық сана-елдің рухани тұрақтылығының өзегі. Ол пдамның қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып ғана қоймай, әділдік пен тәртіпті сақтауға итермелейді. Әрбір азамат өз ісінің заңды болуын қадағаласа . қоғамдық қатынастар да реттеледі. Осылайша. Мемлекет пен азамат арасындағы өзара сенім күшейеді, қоғам біртұтас жүйе ретінде тұрақтылыққа ұмтылады.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру тек заңнаамалық нормалармен шектелмейді, ол-рухани және моральдық құндылықтардың жиынтығы . Заңға бағыну, әділдікке ұмтылу, жауапкершілік сезімін сақтау-ұлттың мәдени деңгейін айқындайтын факторлар. Сондықтан құқықтық мәдениет пн азаматтық сананы дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде үнемі назарда болуы тиіс.
Қорытындылай келе, «Заң мен тәртіп» ұғымы қоғамның тек құқықтық құрылымын ғана емес . азаматтық болмысын да айқындайды. Заңға құрмет пен тәртіпке бағыну – елдің өркегдеуіне, әділетті қоғам орнатуға апарар басты жол. Әрбір азамат өзінен бастап заңды сыйлап, қауіпсіз әрі тұрақты болмақ. Заң мен тәртіп үстемдік еткен жерде әділет те, сенім де, өркендеу де қатар орнайды.
Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының сот әкімшісінің басшысы Т.И.Алдабергенов




