Кассациялық сатының сот жүйесіндегі рөлі

Құқықтық мемлекетте сот төрелігінің әділдігі мен заңдылығы ерекше маңызға ие. Осы мақсатта сот жүйесінде бірнеше сатылар қарастырылған. Соның бірі – кассациялық сот сатысы.Бүл саты сот шешімдерінің заңға сәйкестігін тексеріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық сот сатысы құрылды. Қазақстан Республикасының сот жүйесінде кассациялық саты сот актілерінің заңға сәйкестігін тексерудің маңызды процессуалдық тетіктерінің бірі болып табылады. Жалпы, кассациялық соттардың құрылуы кезінде олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялық лауазымдарға ашық және жария түрде іріктеу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігі қарастырылды.

Кассациялық сот сатысы – сот жүйесінің маңызды бөлігі. Ол сот шешімдерінің заңдылығын қаматамасыз етіп,құқықтық тұрақтылығын нығайтады. Кассациялық сатының негізгі ерекшелігі – істің мән-жайларын қайта зерттеуге емес, құқық нормаларының заңға сәйкес дұрыс қолданылғанын тексеруге бағытталуы. Қазіргі таңда кассациялық сатыдағы соттың алдағы атқарылатын жұмыстары еліміздегі сот жүйесінің дамуына өз үлесін қосып, халықтың сот әділдігіне деген сенімін арттыратыны сөзсіз.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы Б.Ердәулет

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...

Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі мақсаты -  азаматтар мен...

Тұғыры биік – туған тіл

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан...

Казахский инжиниринг на китайской земле

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ЖЕЛТОГО МОРЯ, В КИТАЙСКОМ МЕГАПОЛИСЕ ЦИНДАО, ДАН...

Временное пристанище: когда некуда идти

Центр для ресоциализации лиц, оказавшихся в трудной жизненной ситуации...