Ұлы жеңіс күні

Аса қуанышпен қарсы алатын мерекелеріміздің бірі — Жеңіс күні.  Араға бірер күн салып, жалпы адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы Ұлы Жеңіс мерекесін тойлағалы отыр. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да, ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді. 9 мамыр Жеңіс күні — әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. Ұлы жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен алып тастаған. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» дегендей, ардагерлеріміз — Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар.

Ұлы отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл бойы күн мен түн демей өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.

Ұлы Отан соғысынан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың жауынгерлігін және ерліктерін келе жатқан өскелең ұрпаққа асыл мұра, қымбат қазынадай қалдыруда еш аянып қалмайық. Ұлы Жеңістің Туы желбірей берсін!

Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының бас маман-сот отырысының

хатшысы Қ.Нұржігітов

ПРИНЯТИЕ НАСЛЕДСТВА: ЧТО ГОВОРИТ ЗАКОН?

ПОСЛЕ СМЕРТИ БЛИЗКОГО ЧЕЛОВЕКА ОФОРМЛЕНИЕ НАСЛЕДСТВА НЕРЕДКО ОТКЛАДЫВАЕТСЯ. ОДНИ...

ОТ ОТКАЗА ДО ТРАГЕДИИ – ОДИН ШАГ

МОЖНО ЛИ БЫЛО ПРЕДОТВРАТИТЬ ТРАГЕДИЮ? ИМЕННО ЭТОТ ВОПРОС НЕВОЛЬНО ВОЗНИКАЕТ ПРИ ИЗУЧЕНИИ МАТЕРИАЛОВ УГОЛОВНОГО ДЕЛА ОБ УБИЙСТВЕ НУРАЙ СЕРИКБАЙ. СЛЕДСТВИЕ СЧИТАЕТ, ЧТО ПРЕСТУПЛЕНИЮ ПРЕДШЕСТВОВАЛИ ПОХИЩЕНИЕ, ПРИНУЖДЕНИЕ К ВСТУПЛЕНИЮ В БРАК, МЕСЯЦЫ ПРЕСЛЕДОВАНИЯ И ДЕСЯТКИ БЕЗУСПЕШНЫХ ОБРАЩЕНИЙ ЗА ПОМОЩЬЮ. ТЕПЕРЬ ПРАВОВУЮ ОЦЕНКУ ЭТИМ СОБЫТИЯМ ДАЕТ СУД. В Специализированном межрайонном...

Қазақстанда құны 800 миллиард теңгеден асатын 45 кәріздік тазарту құрылысы жаңартылады

Осыдан ондаған жыл бұрын пайдалануға берілген кәріздік тазарту нысандары...

 Жемқорлықты болдырмау — міндетіміз

       Жемқорлық - қоғамның дамуына кедергі келтіретін, заң үстемдігі мен әділдікқағидаттарына нұқсан келтіретін аса қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол азаматтардың мемлекеттікоргандарға деген сенімін төмендетіп, қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарыныңәлсіреуіне әкеледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.        Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының...

2026 жылғы бірінші жартыжылдықта Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы жұмыстың қорытындылары

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы бақылау және құқықтарды қорғау жұмыстарының...