Апостиль қоюдың тәртібі

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпараттың халықаралық стандартталған нысаны. Халықаралық қарым-қатынастардың көптеп дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан шыққан құжатын екінші мемлекеттің аумағында ұсыну қажеттілігі туындап жатады.

Апостиль — құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады.

Апостиль қою үшін ұсынылған соттың ресми құжаттарына қол қоюға және мөртаңба басуға сот шешімін шығарған судья, ал егерде судья болмаған жағдайда соттың төрағасы уәкілетті.       Апостильденген құжат кез-келген басқа аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және апостильденген құжаттарды Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттердің ресми органдары мойындайтынын атап өткен жөн.

Апостиль қоюға ұсынылған құжаттағы судьялардың қолдары мен сот мөртаңбаларының шынайылығын тексеру қызметін ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Порталында республикадағы қызмет атқарып жатқан судьялардың қолдары мен соттар мөртаңбаларының электронды нұсқасы енгізілген Сервис құрылып, өз қызметін атқаруда. Сервистегі ақпараттың өзектілігі мен оның жаңартылуы тоқсан сайын жүзеге асырылады.

Қорытындылай келгенде, халықаралық құқықтық қатынастар кезінде апостиль құжаттардың заңды күшін танудың маңызды тетігі.

Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының судьясы Т.Тілеп   

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...