12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда шетелдіктерге жер сату туралы жалған ақпарат ресми түрде жоққа шығарылды

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген жалған ақпараттың таралуын тіркеп отыр.

Орталық аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және фактілерді бұрмалау болып табылатынын мәлімдейді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының 6-бабы 3-тармағына сәйкес «жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар» жөніндегі тұжырым жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасындағы тұжырыммен бірдей болып табылады және қандай да бір өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Қосымша атап өтеміз, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия аталған нормалар өзгеріссіз қалуға тиіс екенін растады. Бұдан бөлек, егер бұрын мемлекеттің тұтастығы мен унитарлығы мәселелеріне қатысты ережелер қорытынды және өтпелі қағидаларда қамтылған болса, жаңа Конституция жобасында олар конституциялық құрылыстың негіздері ретінде бастапқы тарауларда бекітілген. Бұл мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен базалық қағидаттарының өзгермейтіндігіне берілетін құқықтық кепілдіктерді едәуір күшейтеді.

2026 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының 2-бабы:

2-т. Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, бөлінбеуін, оған қол сұғылмауын қамтамасыз етеді.

6-т. Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді.

Осылайша, шетелдіктерге жер сатуға тыйым салудың күшін жою туралы мәлімдемелердің құқықтық негізі жоқ және азаматтарды жаңылыстырады.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы фактілерді әдейі бұрмалау және манипуляциялық ақпаратты тарату құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады және азаматтар мен медиа қауымдастық өкілдерін мәліметтерді ресми дереккөздерден тексеруге, сондай-ақ деструктивті және манипуляциялық түсіндірмелердің таралуына жол бермеуге шақырады.

Продажа земли иностранцам: в Казахстане опровергли фейк о проекте новой Конституции

Центром по борьбе с дезинформацией фиксируется распространение ложной информации...

Жаңа Конституциясы жобасы — еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға бағытталған

Жаңа Конституция жобасы – Қазақстанның құқықтық дамуының жаңа белесін...

«Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

2026 жылғы 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында «Қауіпсіз...

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік іргетасы

Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы – ел тарихындағы маңызды қоғамдық-саяси...

Суд присяжных требует новых навыков: Академия внедряет современные методики подготовки прокуроров

Уникальные научные разработки, направленные на повышение эффективности работы государственных...